Вахта емес_ Қойма шаруашылығының теміржол учаскесінің диспетчері (12.08.2026 ж. №60-02-05/2326 өтінім) -1 бірлік - Өскемен қ.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
16

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Талаптар қойылмайды.

Білім:

Жоғары немесе орта (техникалық және кәсіптік)

Дағдылар:

Білуі тиіс: теміржол көлігін пайдалану тәртібі, оның ішінде магистральдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу; поездардың қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысты бұйрықтар мен нұсқауларды беруге арналған көрінетін және дыбыстық сигналдар жүйесі, сондай-ақ осы сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлері; қалыпты жағдайда да, олар ақаулы болған жағдайда да станциялар мен сигнал беру және байланыс құралдарында әртүрлі дабыл құрылғылары, орталықтандыру және бұғаттау (ДҚО) кезінде поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу қағидалары; станцияларда маневр жасау ережесі; пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін реттейтін ережелер; локомотивтер мен вагондардың негізгі техникалық сипаттамалары; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережесі; ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың үлгілік нысандары, құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары; режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысанішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар

Қосымша:

1. Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - белгісіз мерзімге; - бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл) 2. Негізгі лауазымдық міндеттер Локомотив құрастыру бригадасына (тепловоз машинисі, тепловоз машинисінің көмекшісі, пойыз құрастырушысы) маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулар беріп, маневрлік локомотивтерді барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушыға ҚШ вагондарды қабылдауға, жөнелтуге, өлшеуге және санауға қатысты нұсқаулар береді. Вагондарды таратуды/құруды және жөнелтуді жоспарлайды және жүзеге асырады, Өскемен-1 станциясы бойынша кезекшімен және «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен келісе отырып, вагондарды қабылдау және жөнелту бойынша «Заводская» АҚ станциясының ауысымдық жұмыс жоспарын түзетеді. Вагондарды беру және жинау бойынша ауысымдық тапсырмалардың орындалуын, «ҮМЗ» АҚ «Заводская» станциясының барлық техникалық құралдар кешенін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Локомотив құрастыру бригадаларының персоналына өндірістік нұсқау беруге қатысады. Вагондарды қабылдау және жөнелту бойынша құжаттаманы жүргізеді. «ҮМЗ» АҚ кірме жолдарында маневрлік жұмыстарды жүргізу туралы кестелер жасайды. Қызметкерлерді уақтылы хабардар етеді 3. Еңбек жағдайларының сипаттамасы қалыпты еңбек жағдайлары 4. Жұмыс режимі және демалыс: - бекітілген кестеге сәйкес Демалыс түрлері (күнтізбелік күндермен): - негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 24 күнтізбелік күн, - ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істегені үшін қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 3 күнтізбелік күн. 4. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 239 418 теңгеден бастап 418 743 теңгеде дейін кәсіптік тестілеу нәтижесі өнеркәсіптің аралас салаларындағы тиісті жұмыс өтіліне байланысты есептелінеді. 5. Тағылымдама Тағылымдама "ҮМЗ" АҚ-да қолданылатын еңбекақы төлеу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес сыйлықақылар мен сыйақылар, оның ішінде: * мерекелік күндерге арналған сыйлықақылар жыл ішінде (Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, республика күні, атом саласы қызметкерлерінің күні 2,5 ЕТЖ мөлшерінде); • жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауды негізге ала отырып, бір жыл ішінде (1-ші лауазымдық жалақы дейінгі мөлшерде); * 2 лауазымдық жалақысы мөлшерінде демалысқа материалдық көмек; * кірісті жыл сайынғы индекстеу (инфляцияның ресми деңгейі мөлшерінде, бірақ 7% - дан аспайтын мөлшерде); * бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беру.

Білетін тілдер:

-