Өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасы өрт қауіпсіздігі қызметі, өрт қауіпсіздігі қызметінің бастығы
475 237 - 495 237 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) Станцияның жаңадан қабылданған персоналы, практиканттар, қонақтар және мердігер ұйымдардың жұмыскерлері үшін өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама өткізуді ұйымдастыру;
2) Өрт қауіпсіздігі саласындағы мақсаттар мен міндеттердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3)Ағымдағы жылға өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша жұмыстың келешекке арналған және ағымдағы жоспарларын кейіннен бекіте отырып дайындау;
4)Өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бойынша бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, нұсқауларды әзірлеу және қолданысқа енгізу;
5)Өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қабылданған шешімдер мен бекітілген жоспарлардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
6)Станциядағы стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын, сондай-ақ бастапқы өрт сөндіру құралдарының дұрыс орнатылуы мен қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) Станцияда өрт қауіпсіздігі ережелерінің, директивалық құжаттардың, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарының орындалуын бақылау;
8) Уәкілетті органның және «Самұрық-Энерго» АҚ сұранысы негізінде өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша орындалған іс-шаралар туралы есептерді дайындау және ұсыну;
9)Құрылымдық бөлімшелерде және тұтастай кәсіпорын бойынша өртке қарсы жаттығулардың өткізілуін бақылауды жүргізу;
10)Өрт қауіпсіздігі саласында өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
11)Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша іс-шараларды өткізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
12) Өрт қауіпсіздігі білімін тексеру жөніндегі комиссияларға қатысу;
13) Жабдықтарға жөндеу жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) Қызметкерлер мен өзге де тұлғалардың өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзғаны туралы басшыға хабарлау;
15) Энергетикалық жабдықтың, соның ішінде май жүйелерінің, реттеу жүйесінің, кабель шаруашылығының өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Кәсіпорында бар өртті анықтау және сөндіру құралдарының жарамды күйде болуын және әрекет етуге тұрақты дайындығын бақылауды жүзеге асыру;
17) Персоналдың ережелерді, өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтарды орындауын, жабдықтардың, техникалық құралдардың, құрылғылар мен ғимараттардың белгіленген өртке қарсы жұмыс режимін сақтауын бақылауды жүргізу;
18) Жалпыстанциялық және цехтық өртке қарсы оқу-жаттығуларды өткізу кезінде бақылаушы тұлғалар құрамында қатысу;
19) Егер агрегаттардың, бөлек жабдықтардың сақталуына қауіп төнсе немесе жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қатер төнсе, олардың жұмысын тоқтата тұру;
20) Кәсіпорын персоналы мен мердігер ұйымдардың жабдықтарды жөндеу, реконструкциялау және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыруы мен өткізуін бақылауды жүзеге асыру;
21) Өрттерді сөндіруде, олардың пайда болуы мен даму себептері мен жағдайларын анықтауда, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға және өрттердің шығуына кінәлі тұлғаларды анықтауда объектілік өртке қарсы қызметке жәрдем көрсету;
22)Бекітілген жоспарға сәйкес электр станциясының құрылымдық бөлімшелерін өрт қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері мен нормаларының сақталуы бойынша тексеру;
23)Бұйрыққа сәйкес күзгі-қысқы кезеңде, көктемгі-жазғы кезеңде сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды тексеру актілерін жасау арқылы тексеру;
24) Өрт қауіпсіздігі бағыты бойынша ақпаратты кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне уақтылы жеткізу және олардың орындалуын бақылауда ұстау;
25)Өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешу бойынша уәкілетті органмен тұрақты байланысты ұстап тұру;
26)Тексеру парағына сәйкес Павлодар облысы ТЖД-мен бірлесіп кәсіпорынның өртке қарсы жай-күйін тексеру кезінде ұйымдастыру және бақылау;
27) Мінез-құлық кодексінің қағидаттарын сақтау;
28)Бұйрыққа сәйкес өрттерді тергеу және есепке алу жөніндегі комиссияға қатысу.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, өрт қауіпсіздігі). Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): Кадрлық резервте тұрған қызметкерлерді немесе Серіктестікте кемінде 3 жыл жұмыс істеген қызметкерлерді (ауыстыруға арналған ішкі кандидаттарды) қоспағанда, қызмет бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болу керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
Отын-көлік-2 цехының 2-санатты инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 46
305 045 - 325 045 KZT
Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас менеджері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 301
594 089 - 614 089 KZT
Автокөлік цехының 6-разрядты автомобиль кранының машинисі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
26.08.2026 | 287
540 564 - 560 564 KZT