Сылақшы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Ғимараттардың (немесе үй-жайлардың) жекелеген құрылымдық элементтерін жөндеуге байланысты бояу жұмыстарын орындайды
2.Ғимарат қасбеттеріне, қабырғалар мен төбелерге су негізіндегі (желімдік) және әк негізіндегі бояуларды жағады
3.Қабырғаларға, терезелерге, есіктерге, радиаторларға, жылыту құбырларына, шатырларға және олардың құрылымдық элементтеріне майлы бояу жағады
4.Беттерді қолмен де, механикаландырылған жабдықтарды пайдаланып та астарлайды және тегістейді (шпаклевкалайды)
5.Әртүрлі қоспаларды (цемент, әк, гипс және т.б.) пайдаланып, беттерді сылайды
6.Әртүрлі тәсілдермен (қылқалам, ролик немесе бүріккіш пистолет арқылы) беттерді бояйды
7.Орындалған жұмыс сапасын бақылайды және анықталған ақауларды жояды
8.Технологиялық реттілік пен материалдарды жұмсау нормаларын сақтайды
9.Құрал-саймандарды, жабдықтарды және жұмыс орнын жарамды күйде ұстайды
10.Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін, нормалары мен талаптарын сақтайды
11.Тікелей басшының немесе филиал басшылығының тапсырмасы бойынша комиссиялардың, комитеттер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады
Біліктілік талаптары:
Қызмет саласы бойынша: Алдын ала жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім