Клиент-менеджер, Клиенттермен жұмыс істеу қызметі

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
52

   Конкурс туралы

Міндеттері:

•    Электрондық дүкендегі табысты мәмілелерге жәрдемдесу үшін Қордың тапсырыс берушілерімен, жеткізушілерімен және тауар өндірушілерімен өзара іс-қимыл жасау.
•    Жаңа жеткізушілер мен өндірушілерді тарту, сатып алу қатысушыларын Электрондық дүкен алаңында өнімді орналастыруға ынталандыру.
•    Телефон арқылы келіссөздер жүргізу және іскерлік кездесулер өткізу, пайдаланушылардың сұраныстарын өңдеу.
•    CRM-жүйесінде клиенттік базаны жүргізу және жаңарту, өзара іс-қимылдардың белсенділігі мен нәтижелілігін бақылау.
•    Тапсырыс берушілер мен жеткізушілерден кері байланыс жинау, процестерді оңтайландыруға арналған жақсартуларды ұсыну.
•    Тапсырыс берушілермен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша аналитикалық есептілікті дайындау.
•    Туындайтын мәселелерді шешу және клиенттердің қанағаттануын арттыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелермен ынтымақтастық жасау.


Талаптар:

•    Сату техникасын білу және келіссөз жүргізе алу.
•    Коммуникативтік дағдылардың жоғары деңгейі, белсенді тыңдау және клиенттермен байланыс орнату қабілеті.
•    Стресске төзімділік, өзін-өзі ұйымдастыру және нәтижеге бағдарлану.
•    Проактивтілік: жаңа жеткізушілерді тартуға және қор қатысушыларының өнімді орналастыруын ынталандыруға дайын болу.
•    Келіссөз жүргізу және телефон арқылы сату дағдылары;
Қазақ және орыс тілдерін жетік білу.
•    Маркетинг, экономика, басқару, бизнес немесе қаржы саласында жоғары білім.
•    Сату және клиенттерге қызмет көрсету саласындағы қосымша курстар немесе сертификаттар құпталады.

•    Клиент-менеджер, сату менеджері немесе ұқсас лауазымда кемінде 1–2 жыл жұмыс тәжірибесі.
•    Корпоративтік клиенттермен және шағын бизнеспен жұмыс тәжірибесі, ең дұрысы B2B секторында.
•    «Самұруқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының қатысушыларымен өзара іс-қимыл тәжірибесі артықшылық болады.

•    CRM-жүйелерін сенімді қолдану және аналитикалық есептілік дайындау.
•    Microsoft Office және басқа да кеңсе құралдарын еркін меңгеру.

Жағдайлар:

Жұмыс режимі 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Медициналық сақтандыру
Жеткізу (тасымалдау)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр