Жамбыл бөлімшесінің магистральді желі дирекциясы филиалы АО «ҚТЖ» ҰК» (Дирекция магистральді желісі) Сарышаған бекетінің ЖӨП-інің 1 топтамадағы көшпелі электр станциясының машинисі

от 289 408
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
10

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • өзінде бекітілген ДГА-75 дизель-генераторлық агрегаттарын және электр станциясы вагонын техникалық жағынан ақаусыз (жарамды) күйде ұстау, ақауларды анықтаған кезде Восстановительный поездтің (қалпына келтіру пойызының) басшылығына хабарлау және оларды жою үшін дереу шаралар қабылдау;
  • көлік құралдарының рельстен шығуынан туындаған зардаптарды жоюға қатысу және рельстен шыққан көлік құралдарын көтеру бойынша ұсыныстар беру;
  • бекітілген дизель-генераторлық агрегаттарға жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шығын нормаларын білу және олардың артық жұмсалуына жол бермеу;
  • авариялық жағдайлардан тыс уақытта сменада болған кезде, Восстановительный поездтің басшыларының нұсқауы бойынша басқа да жұмыс түрлерін орындау (электр станциясын қызмет көрсетуден басқа);
  • көлік құралдарының электр желілеріне қосылу электр схемаларын білу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта, мамандандырылған оқу орнында мамандық бойынша даярлықтан өту
  • Еңбек өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім