«KTZ Express» АҚ Кедендік жұмыс департаментінің кедендік әкімшілендіру тобының бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғамның, филиалдардың және еншілес ұйымдардың Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ның кеден заңнамасын, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарды қолдану мәселелері бойынша қызметіне әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастырады, Қоғамның қызметінде заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ның кеден заңнамасындағы өзгерістерге және халықаралық практикаға кешенді мониторинг жүргізеді, өзгерістердің Қоғамның қызметіне әсерін бағалайды және ішкі бизнес-процестер мен нормативтік құжаттарды бейімдеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Қоғамның шарттарының жобаларына, ішкі құжаттарына, ұйымдық-өкімдік актілеріне, инвестициялық және логистикалық жобаларына кеден заңнамасының талаптарын сақтау және кедендік тәуекелдерді бағалау бөлігінде құқықтық және әдіснамалық сараптама жүргізеді;
- Қоғамның қызметін жүзеге асыруға байланысты кедендік тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау жүйесін ұйымдастырады, оларды барынша азайту және ықтимал теріс салдардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Кеден заңнамасын қолдану және кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен, салалық бірлестіктермен, жұмыс топтарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қоғамның сараптамалық ұстанымын білдіреді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Менеджмент; Маркетинг; Экономика; Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электрлік жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Мемлекеттік басқару; Құқықтану; Халықаралық құқық; Кеден ісі; Стандарттау, сертификаттау және метрология.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар