«KTZ Express» АҚ Стратегиялық серіктестермен жұмыс істеу жөніндегі департаментінің директоры

от 759 125
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
56

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Нарықтағы контейнерлік тасымалдар бойынша сатылымдарға мониторинг жүргізеді: барлық бағыттар бойынша тасымалдау кезеңін (маусымдылығын), бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер деңгейін бақылайды;
  • Қоғамның контейнерлік және мультимодальды сервистерін сатуды ұлғайту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Клиенттерге бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер ұсыну мақсатында көліктік шығындарды барынша азайтуға қол жеткізу үшін бәсекелестердің қолданыстағы тарифтік шарттарына талдау жүргізеді;
  • Ықтимал клиенттерге шарттар жасасу бойынша коммерциялық ұсыныстар жібереді;
  • Шарттарды орындау барысында клиенттермен туындайтын келіспеушіліктерді реттейді, клиенттерге және Қоғам филиалдарына шарттардың талаптары бойынша ресми түсіндірмелер жібереді, шарттарды келісу, өзгерту/толықтыру (қосымша келісімдер жасасу) және бұзу процестерін ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;
  • Департамент қызметкерлерінің клиенттерге коммерциялық ұсыныстар жасау, шарттар, қосымша келісімдер, Бағалар хаттамаларын жасасу бөлігіндегі жұмысын бақылайды;
  • Департамент қызметкерлерінің жасалған көліктік-экспедициялық қызметтер көрсету шарттары туралы деректердің Қоғамның ақпараттық жүйесіне (ИРС–тасымалдар) толық әрі дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмысын бақылайды;
  • Департамент қызметкерлерінің Клиенттердің сұрау салулары бойынша Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (Aikey CRM) мөлшерлемелерді қалыптастыру және есептеу бөлігіндегі жұмысын қамтамасыз етеді;
  • Департамент қызметкерлерінің қолма-қол тапсырылған және Қоғамның ақпараттық жүйелеріне келіп түскен хаттарды уақтылы жабуын қамтамасыз етеді;
  • Дебиторлық берешекті және клиенттермен талап-арыз жұмысын жүргізуді бақылайды;
  • Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (ИРС «Тасымалдар», CRM) тасымалдарды ұйымдастыруды және оларды уақтылы жабуды, оның ішінде шарттарға дұрыс байланыстыруды, өткізу операцияларын есептеуді және орындалған жұмыстар актілерін ресімдеуді бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы:
    Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Вагондар; Құрылыс (Теміржолдарды салу, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Қаржы; Логистика (көліктегі); Менеджмент; Есеп және аудит.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр