«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының автокөліктерді жөндеу жөніндегі сілесірі
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.Міндеттері:
1) Күрделі агрегаттардың, тораптардың және автомобильдердің бөлшектері мен жабдықтарының стендтерде және шасси үстінде реттеуін жүргізу, оларды техникалық қызмет көрсету кезінде ауыстыру. Электр жабдықтарының бөлшектері мен тораптарын тексеру жабдықтарында және тексеру құрылғыларында тексеру. Электр жабдықтарын сызба (схема) бойынша орнату және оларды желіге қосу. Автомобильдердің электр жабдықтары агрегаттары мен тораптарын жөндеу, жинау және сынау процесінде күрделі ақаулар мен ақаулықтарды анықтау және жою. Күрделі слесарлық өңдеу, бөлшектерді 6–7 біліктілік (квалитет) бойынша дәлдеу. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптардың статикалық және динамикалық теңгерімі. Жүк және жеңіл автомобильдер мен автобустардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау және реттеу.
2) Технологиялық жабдықты жөндеу бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын сапалы орындау, жұмысқа уақтылы дайындау және өз жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, саймандарды жинастыру және оларды тиісті күйде ұстау.
3) Механизмдерді қолдана отырып, аса күрделі ірі габаритті, бірегей, эксперименттік және тәжірибелік жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, демонтаждау, сынау және реттеу. Жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру барысында ақауларды анықтау және жою. Дәлдікке тексеру және жөнделген жабдықты жүктеме астында сынау.
4) Жөнделетін жабдықтың, агрегаттардың және машиналардың конструкциялық ерекшеліктері, кинематикалық және гидравликалық сызбалары; жөндеуге арналған техникалық талаптар, жөндеу, жинау, монтаждау әдістері, сорғы агрегаттарының біліктерінің өзара сәйкестігін (коаксиалдылық) дәлдікке тексеру және жөнделген жабдықты сынау, оны пайдалануға тапсыру.
5) Тораптар мен бөлшектерді демонтаждаудың реттілігін сақтау, демонтаждалатын жабдықтың қалған бөліктерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және бүкіл жабдықтың өздігінен құлап кетуін немесе тұрақтылығын жоғалтуды болдырмау.
6) Металдар технологиясы; аса күрделі және жауапты тораптарды қалпына келтіру тәсілдері; жұмыс істеп тұрған бөлшектерге, тораптарға, жабдық механизмдеріне рұқсат етілетін жүктемелер және сынулардың, коррозиялық тозудың және авариялардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар; жабдықты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелері.
7) Нақты тапсырма алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісу, учаске бастығының нарядпен жұмыстарды ресімдеуі, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқама алған шеберден (мастерден) нұсқаулық алу.
8) Жоғары қауіпті жұмыстарды, газға қауіпті жұмыстарды наряд-рұқсаттар бойынша және от жұмыстарын жазбаша рұқсаттарсыз, қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ететін жауапты тұлғасыз бастамау және орындамау.
9) Бояу-жөндеу жұмыстарында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде, тасымалданатын электр және электрқыздырғыш құралдармен (электр бұрғы, өндірістік фен, электр тегістеуіш машина, электр дәнекерлегіш), қайрау/сверлильдеу станогында, слесарлық және гидравликалық құралдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтау.
10) Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарын, жабдықты пайдалану, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.
11) Оған тікелей басшысы және Басқарма мен Қоғамның ішкі құжаттары жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
12) Кезекшілік қабылдау-тапсыру кезінде (вахта) қабылдау-тапсыру актісі бойынша сеніп тапсырылған мүлікті және тауарлық-материалдық құндылықтарды (автокөлік және арнайы техника, механизмдер, құралдар, жабдық және саймандар) ақаусыз техникалық және эстетикалық күйде, оның ішінде шығын материалдары мен материалдарды да тапсыруды (қабылдауды) жүзеге асыру.
Талаптар:
- Орта білім, тиісті біліктілік бойынша кәсіби даярлық? Кәсіп бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл
-
Көлік автомобильдерін жөндеу слесарының біліктілігін беру туралы куәлік немесе сертификат
электрқауіпсіздік бойынша рұқсат тобы ΙΙ
Шарттар:
-
Жұмыс режимі бес күндік
Қажетті қабілеттер
- 1) Планирование и организация работы
- Технологическая последовательность и организация труда при ремонте, сборке и монтаже оборудования
- Устройство грузоподъемных механизмов, управляемых с пола и правила пользования ими
- технические условия на ремонт, испытание, регулировку и сдачу ремонтируемого оборудования;
- Работа с оборудованием и приспособлениями
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар