"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Бизнес-талдау департаментінің жедел есептілік бойынша функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Контейнерлердің болуы, жүк вагондарының, вагон шаруашылығының техникалық құралдарының болуы және тұрып қалу көрсеткіштері бойынша статистикалық есепті жүргізу және статистикалық есептілікті жасау әдіснамасының сақталуын бақылайды;
- бизнес-деректерді қалыптастыру, контейнерлердің болуы мен жай-күйі, жүк вагондарының бос тұруы көрсеткіштерінің жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;
- ДО-6, КЭО-4, ЦО-1 (Кестенің 5, 6), АГО-4, АГО-19 нысандарының жиынтық статистикалық есептерін жинауды, тексеруді және шоғырландыруды жүзеге асырады;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бас есептеу орталығы» филиалының ақпараттық жүйелерінде қалыптастырылатын ДО-2, ДО-3 нысандарының жедел статистикалық есептерінің дұрыс жасалуына мониторингті жүзеге асырады;
- жүк вагондарының теңгерімдік және нақты болуын есептеудің дұрыстығын бақылайды, «Жүк вагондары паркінің болуы, жай-күйі және бөлінуі» жинақтау деректері бар жедел әзірлемелік кестелерді қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: статистика; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; көлік, көліктік техника және технологиялар; логистика (салалар бойынша); тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар