«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалдар» филиалының ф.б. клиенттерімен жұмыс бойынша менеджері

от 596 403
Филиал "Пригородные перевозки" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
71

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Клиенттермен жұмыс бойынша функционалдық бағытты жетілдіруге бағытталған мақсаттарды іске асыру және міндеттерді шешу үшін іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
  • клиенттермен жұмыс жөніндегі функционалдық бағыттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Қазақстан Республикасының Компаниясымен, уәкілетті органымен - Көлік министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен Департамент қызметіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • клиенттермен жұмысты регламенттейтін жергілікті актілерді, бұйрықтарды, өкімдерді, факсограммалық және телеграфтық нұсқауларды, стандарттарды әзірлейді, қалыптастырады және енгізеді;
  • клиенттермен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу есептілігіне талдау жүргізеді және олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыс комиссияларының құрамына Қоғамның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп қатысады;
  • жетекшілік ететін позициялар бойынша тауарлардың/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінің жобасын әзірлейді, оны Қоғамның, Компанияның уәкілетті құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жетекшілік ететін позициялар бойынша тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді (өтінімдерді қалыптастыру, бағаларға маркетингтік зерттеулер жүргізу);
  • Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес клиенттермен жұмыс жөніндегі функционалдық бағытқа бекітілген шарттар бойынша шарттарды әзірлеу, келісу, жасасуды, орындауды және міндеттемелер мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
  • іс-шараларды ұйымдастыруды және жетекшілік ететін шарттар бойынша сатып алу/тауарлар/көрсетілетін қызметтер жоспарларын және Ұзақ мерзімді сатып алу/тауарлар/көрсетілетін қызметтер жоспарын уақтылы түзетуді бақылауды жүзеге асырады;
  • «1433» анықтамалық қызметінің жұмысы бойынша сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • Telegram bot жұмысын ұйымдастыруды және сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • «1433» анықтама қызметі арқылы өтініштердің келіп түсу арнасының жұмыс қабілеттілігін (жұмыс істеуін) бақылауды жүзеге асырады;
  • жеке және заңды тұлғалардың мынадай байланыс арналары: өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (e-otinish.gov.kz), «1433» анықтама қызметі, электрондық айналым құжаты жүйесі арқылы келіп түскен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету мәселелеріне қатысты өтініштері бойынша уақтылы қарайды және жауаптар дайындайды;
  • орындаушылардың өтініштерге уақтылы және толық жауап беруін бақылауды жүзеге асырады;
  • мынадай байланыс арналарынан: Е-Otinish.gov.kz өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасынан, «1433» анықтама қызметінен, электрондық айналым құжаты жүйесінен келіп түскен өтініштерді есепке алады, талдау жүргізеді және олар бойынша есепті қалыптастырады;
  • жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету мәселелері бойынша жүгінген азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
  • іс қағаздарын жүргізу.

    Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (теміржол саласы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Экономика; Есеп және аудит; Құқықтану.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр