«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының жылжымалы құрам және механикаландыру бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- күрделі, деполық жөндеу (оның ішінде қызмет ету мерзімін ұзарта отырып), мамандандырылған жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, оларды іске асыруды жүзеге асыру бойынша перспективалық жылдық жоспарларды әзірлейді және қалыптастырады.
- компрессорлық және станоктық жабдықтарға, Шағын механикаландыру құралдарына, машиналар мен механизмдердің негізгі жұмыс органдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, КҚҚ-да қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру, дайындау, маневрлік жұмыстар бойынша перспективалық жылдық жоспарларды әзірлейді және қалыптастырады, олардың орындалуын іске асыруды жүзеге асырады
- жол машиналарын, мамандандырылған жылжымалы құрам мен вагондарды пайдалану мерзімдерін ұзартуға қатысты мәселелерді шешуге қатысады
- бизнес-жоспарларды (инвестициялық бюджетті) әзірлейді және келіседі, талаптарға сәйкес оларға негіздемелік материалдарды, компания мен дирекцияның жергілікті актілерін жинайды
- арнайы жылжымалы құрамды, шағын механикаландыру құралдары мен жабдықтарды жөндеуге қатысты техникалық мәселелер бойынша нормативтік құжаттардың, компанияның, дирекцияның жергілікті актілерінің жобаларын әзірлеуге және қайта өңдеуге қатысады, оларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды
- арнайы жылжымалы құрамды, компрессорлық және станоктық жабдықты, шағын механикаландыру құралдарын, машиналар мен механизмдердің негізгі жұмыс органдарын жөндеудің барлық қажетті орындалатын түрлерінің уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады
- Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар мен қызметтерге техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және келіседі
- жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша комиссияның сараптамалық қорытындысын дайындайды, қалыптастырады
- жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға сатып алу жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдерді дайындайды, ОЖЖ бюджет комитетіне қалыптастырады
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол құрылыстары; Көпірлер мен көлік туннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көтеру, тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: Тиісті салада кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр