вагондарды қабылдаушы

580 865 - 607 084
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
165

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жоспарлы жөндеу түрімен жөнделген вагондарды 100% қабылдауды жүзеге асыру.

Жөндеу процесінде вагонның негізгі тораптарының, бөлшектері мен агрегаттарының жөндеу сапасын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде:

- орташа және ағымдағы жөндеу кезінде букс тораптары мен дөңгелек жұптарына ревизия жүргізу;

- соққылы-тартқыш жабдық;

- автотежегіш жабдығы;

-арбаның құйма бөлшектерін бұзбайтын бақылау әдісімен тексеруді жүзеге асыру

 

 

- жаңадан дайындалған жылжымалы құрамның бөлшектері мен тораптарын кіріс бақылауы кезінде;­­

 цистерна қазандарының гидравликалық сынақтары;

-вагон шанағының дәнекерлеу жұмыстары;

тораптардың, бөлшектер мен агрегаттардың бақылау және қабылдау нәтижелерін белгіленген нысандағы журналдарға өзінің қолымен куәландыру;

Вагон жөндеу депосының басшыларымен (міндеттерді бөлуге сәйкес) ағымдағы ағытпалы, деполық және күрделі жөндеуге келіп түсетін вагондарды тексеруге бірлесіп қатысу, талап етілетін жөндеу түрі мен көлемінің сәйкестігін тексеру;

Вагон жөндеуіне арналған ВУ-22 ақаулық ведомосін жасауға қатысу. Ведомоске вагон жөндеу депосының (техникалық қызмет көрсету пунктінің) шебері қол қоюы және вагон жөндеу депосының бастығы (бастықтың орынбасары) бекітуі тиіс;

Инвентардан шығаруға ұсынылған вагондар мен олардың тораптарын комиссиялық тексеруге қатысу, олардың жөндеуге жарамдылық дәрежесін анықтау немесе оларды инвентардан шығару, тиісті нормативтік құжаттарда белгіленген мерзімдерден бұрын вагондарды жөндеуге қоюға жол бермеу;

 

Өндірістік учаскелер мен жөндеу бөлімшелеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

 

Вагондарды жөндеуге арналған келіп түсетін материалдар мен қосалқы бөлшектерге сәйкестік сертификаттарының болуын және олардың сақталу қағидаларының сақталуын бақылау;

Орындаушыларда, бригадирлерде, шеберлерде вагондарды жөндеу кезінде пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдары мен шаблондарының, сынақ стендтерінің болуын, жай-күйін және қолданылуын бақылау;

Вагон жөндеу кезінде жөндеу жөніндегі басшылықты, технологияларды және нұсқаулықтарды бұзу, бақылау-өлшеу құралдарын, сынақ стендтерін және бұзбайтын бақылау құралдарын пайдалану, механизмдер мен ағынды желілердің тоқтап қалуы туралы вагон жөндеу депосы бастығында немесе жөндеу жөніндегі орынбасарында болатын ескертулер кітабына жазба енгізу, анықталған ескертулерді жою мерзімін белгілеу;      

Вагон жөндеу депосының қызметкерлері бар ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, вагондарды жөндеуден қабылдауды тоқтату;

Жоспарлы жөндеу түрлерінен кейін вагондарды жөндеу аяқталған соң орындалған жұмыстардың сапасын магистральдық теміржол желісінде теміржол жылжымалы құрамын пайдалануға жіберу актісін жасау арқылы куәландыру. 21.08.2017 жылғы №677-ЦЗ бұйрығына сәйкес бұл акт орындалған жұмыстардың ақысын төлеуге және вагондарды ақаулы ретінде есептен шығаруға негіз болып табылады. Вагондарды, бөлшектер мен тораптарды қабылдау барысында анықталған ақауларды талдау, оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдау;

Вагондардың жоспарлы жөндеу сапасының төмендігіне байланысты, кепілдік пайдалану мерзімі ішінде поезд және маневрлік жұмыста орын алған ақаулық жағдайларын, ВУ-41 нысанындағы актілер бойынша кепілдік мерзімін өтемеген жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;

Вагон қабылдаушының бір айға арналған жұмыс жоспарын жасау, вагон қабылдаушының жұмыс кестесін жасау, вагон қабылдаушының жұмысына талдау жүргізу;

Орындалған жұмыс туралы қабылданған вагондардың түрлері бойынша санын, себептері бойынша ақауға шығарылған вагондардың санын және қабылданған шараларды көрсете отырып, талдау ұсыну;

 

 

 

 

Нұсқамалар өткізу (бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты);

Тіркеуден өту және қарамағындағы цех қызметкерлерінің KTZ HSE мобильді қосымшасында тіркелуін, келіп түскен оқиғалар туралы ақпаратпен (Бюллетень, Найзағай) танысуын, ішкі бақылау тапсырмаларының мәртебесін және жұмыс уақытында жеке тәртіпте қауіпсіздік бойынша мінез-құлық диалогын жүргізуін тексеруді жүзеге асыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының СЦБ электрлік орталықтандырудың ішкі құрылғыларын жөндеу және жаңғырту жөніндегі бригадасының СЦБ электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
07.09.2026 |  340
от 410 783
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының СЦБ электрлік орталықтандырудың сыртқы құрылғыларын жөндеу және ауыстыру жөніндегі бригадасының СЦБ электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
07.09.2026 |  220
от 410 783
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының СЦБ электрлік орталықтандырудың ішкі құрылғыларын жөндеу және жаңғырту жөніндегі бригадасының СЦБ аға электромеханигі
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
07.09.2026 |  260
от 410 783