Клиенттерді қолдау департаментінің инженері (ауысымдық жұмыс режимі) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- пайдаланушылардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, сәйкестендіру, санаттау, тағайындау, эскалациялау және жабу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу;
- сервис келісімшарттары шеңберінде техникалық қолдаудың екінші желісі (L2) функцияларын орындау, ИТ-сервистердің 24/7 режимінде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- пайдаланушыларға 24/7 режимінде техникалық және функционалдық қолдау көрсету;
- серверлік және телекоммуникациялық жабдықтың, серверлік бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін мониторингтеу, инциденттерге жедел ден қою;
- аудио және видео жабдықпен жұмыс істеу кезінде пайдаланушыларды қосу және сүйемелдеу, селекторлық жиналыстар мен ВКС-ті қолдау;
- ИТ-сервистерде ақаулар мен істен шығулар туындаған кезде басшылықты, әкімшілерді және бейінді қызметтерді жедел хабардар ету;
- атқарылған жұмыс және сервистердің жай-күйі туралы есептілікті дайындау және ұсыну;
- сервистердің жұмысын жақсарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
- жауапкершілік аймағында регламенттерді, нұсқаулықтарды және ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын, сондай-ақ қадағалау және бақылаушы органдардың талаптарын белгіленген мерзімдерде орындау;
- басшылық тапсырмасы бойынша құзырет шеңберіндегі өзге де міндеттерді орындау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім
- Қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
- бейнеқоңференцбайланыс жабдығымен (ВКС) және
аудиовизуалдық жүйелермен практикалық жұмыс тәжірибесі; - бағдарламалық
ақауларды диагностикалау және жою дағдылары; - жедел қызмет шеңберінде міндеттерді жоспарлау, қою және баламалы
шешімдерді әзірлеу дағдылары; - шектеулі уақыт жағдайында операциялық ИТ-міндеттерді шешудің практикалық дағдылары;
- инциденттерді өңдеу процестерін және техникалық қолдау қызметінің жұмысын (Service Desk) түсіну;
- дамыған коммуникациялық дағдылар, пайдаланушылармен және сабақтас бөлімшелермен өзара әрекет ете білу;
- көпмүмкіндікті режимде және жоғары жүктемеде жұмыс істей білу (24/7);
- стресске төзімділік және инциденттерге жедел ден қоя білу;
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру (ауызша және жазбаша коммуникация).
Шарттары:
- ҚР ЕК сәйкес ресімдеу (аутстаффинг секторы)
- Әлеуметтік пакет