Сатып алуды басқару қызметінің басшысы (ЖШС «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»)

«Samruk Business Academy» ЖММ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
340

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Сатып алуды басқару қызметінің қызметкерлерін әкімшілік және функционалдық тұрғыдан басқару;
  • Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелері Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге (бұдан әрі – ТЖҚ) өздерінің қажеттілігін айқындау негізінде және Қауымдастықтың бекітілген бюджетіне сәйкес, басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп тиісті жылға Қауымдастықтың Жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыруға қатысу;
  • Сатып алуды басқару қызметінің қызметкерлері бекітілген Жылдық сатып алу жоспарына және мамандармен келісілген талаптарға сәйкес ТЖҚ сатып алуларын өткізуге арналған өтінімдерді электрондық сатып алулар порталына орналастыруын бақылау;

  • Ашық тендер тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуларда Комиссия құрамында қатысу;
  • Қызмет алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ өз қарамағындағылардың қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу;
  • Өндіріс пен өнімді өткізу бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарлардың болжамдарын, жобаларын дайындауға қатысу, болашақта өндірілетін өнімге сұранысты зерттеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу, өткізу нарығының даму перспективаларын айқындау;
  • Шикізат жеткізушілерімен келіссөздер жүргізу және жұмыстар атқару арқылы шикізаттың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету, кейіннен осы шарттар деректеріне мониторинг жүргізу;
  • Сатып алу және шикізатты тасымалдау процесін бақылауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру, соңғы өнімді өндіруге арналған шикізат жеткізу шарттарын жасасу;
  • Дайын өнімді өткізу бойынша шарттарды жасасуды ұйымдастыру және оларды мониторингтеу;
  • Қауымдастықтың коммерциялық қызметін талдау;
  • Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелеріне сатып алу мәселелері бойынша консультация беру және әдістемелік көмек көрсету;
  • Қарамағындағы персоналдың қызмет нәтижелері бойынша қажетті материалдар мен есептерді ұсыну;
  • Қауымдастықтың мүдделерін қорғау бойынша белгіленген талаптарды қатаң сақтау;
  • Қызметтік міндеттерін орындау барысында қолжетімді болған Қауымдастықтың қызметтік және коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қауымдастық басшылығының қызметтік тапсырмаларын орындау;
  • Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау процесінде анықталған барлық кемшіліктер туралы тікелей басшыға хабарлау;
  • Жұмыс берушінің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету (байланыс құралдары, ДК және т.б.), пайдаланудағы жеке қорғану құралдары;
  • Еңбек және өндірістік тәртіптің, сондай-ақ еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек шартының талаптарында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің басқа актілерінде көзделген нормалардың сақталуын қарамағындағы персоналдан талап ету және оны сақтау;
  • Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, тиісті қорытындылар мен ұсыныстарды, сұрау салуларға жауаптарды дайындау;
  • Қызмет құзыреті шегінде Қауымдастықтың даму жоспарын (бюджетін) қалыптастыруға қатысу;
  • Қарамағындағы персоналдың Қауымдастықтың ішкі құжаттарының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Қызметті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Қауымдастықта қолданылып жүрген нұсқаулықтарда көзделген қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, газ және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау
Талаптар:
  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық және/немесе заңгерлік).
  • Жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл
  • тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемелері;

  • баға белгілеу негіздері;

  • Қазақстан Республикасының сатып алу мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

  • ішкі еңбек тәртібі ережелері, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары

  • Стратегиялық ойлау, көшбасшылық және команданы басқару, міндеттер қою және орындалуын бақылау, басқарушылық шешімдер қабылдау, өзгерістерді басқару және бизнес-процестерді жетілдіру, ресурстарды тиімді бөлу, персоналды дамыту және ынталандыру.

  • Жауапкершіліктің жоғары деңгейі, адалдық және іскерлік этика қағидаттарына берілгендік, аналитикалық ойлау, міндеттерді шешуге жүйелі көзқарас, бастамашылдық және нәтижеге бағдарлану, стресске төзімділік, коммуникабельділік және іскерлік қарым-қатынас дағдылары, ұйымдасқандық және тәртіптілік, көпмүмкіндікті (мультитапсырмалы) режимде жұмыс істей білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр