Сатып алулар және қазақстандық қамту департаментінің аға маманы
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар
Білімі:
Экономика / заңтану бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:
Мұнай-газ секторы ұйымдары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алу саласында кемінде 3 жыл.
Тиісті ұйым профиліндегі жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе еншілес ұйымдарда жақсырақ):
Ірі мұнай-газ жобаларында сатып алу саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыру әдістері мен тәртібін білу;
- өнім берушілермен шарттар жасасу тәртібі, шарттар бойынша есеп айырысу тәртібі;
- өнімді бөлу туралы келісімдердің және оларға қатысты құжаттардың негізгі қағидаттары;
- Қазақстан Республикасының сатып алу және жергілікті қамту саласындағы заңнамасы;
- Сатып алу мәселелері бойынша Қордың нормативтік актілері, сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық материалдар;
- Серіктестіктің ішкі құжаттары, Қарашығанақ жобасы бойынша сатып алулар мен тендерлерге қатысты негізгі және қосымша құжаттар;
- ұйымдардың елiшiлiк құндылығын есептеу әдістемелері;
- Қазақстандық мұнай-газ секторының ТЖҚ өнім берушілері/өндірушілері нарығын білу;
- ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі, өрт қауіпсіздігі талаптары;
- құзыреті шегінде құжат айналымы және есептілік тәртібі;
- қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптар (нұсқаулықтар, қағидалар, ИБЖ рәсімдері);
- тәуекелдерді басқару жүйесінің негіздері;
- өрт қауіпсіздігі саласы.
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:
- мұнай-газ саласында ТЖҚ сатып алу рәсімдерін, оның ішінде халықаралық сатып алуларды, ӨБК бойынша жобалар операторларының тендерлік рәсімдерін және Тәртіпті қолдану білімі мен тәжірибесі;
- сатып алу стратегияларын қалыптастыру, коммерциялық ұсыныстарды бағалау, сатып алулар, шарттар, өнім берушілер нарықтары, жергілікті қамту деңгейі, техникалық талаптар және жоба шығындары бойынша деректерді түсіндіру дағдылары;
- шарттардағы баға белгілеу қағидаттары мен тетіктерін меңгеру;
- шарттық жұмыс саласындағы сараптама: шарттардың талаптарын талдау, тәуекелдерді анықтау, коммерциялық және құқықтық талаптарды оңтайландыру бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар дайындау;
- ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
- корпоративтік ақпараттық жүйелермен және электрондық сатып алу платформаларымен (Qlik, ИСЭЗ 2.0 сияқты) жұмыс істеу дағдылары.
Осы лауазымның лауазымдық міндеттері:
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (бұдан әрі – ҚПО) сатып алулары
- ҚПО-ның Бірлескен сатып алу комитетінің (БСК) қарауына шығаратын Қарашығанақ жобасының ТЖҚ сатып алулары бойынша материалдарды қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыру.
- Сатып алу құжаттамасына, оның ішінде шарттық стратегияларға, тендерге қатысушылар құрамына, тендерлік ұсыныстарды бағалау жоспарларына, жергілікті қамту бойынша талаптарға, жоспарланған шығындарға, шарттарды беру жөніндегі ұсынымдарға және қолданыстағы шарттарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарға кешенді талдау жүргізу.
- ҚПО сатып алуларының нәтижелері бойынша Серіктестік пен ҚМГ ұстанымын қалыптастыру үшін қорытындылар, ескертулер, анықтамалар және талдамалық материалдар дайындау.
- ҚПО сатып алулары және жергілікті қамту мәселелері бойынша Серіктестіктің бейінді бөлімшелерімен және ҚМГ кураторларымен, оның ішінде қажетті ақпаратты жинау, дайындау және жүйелеу бойынша өзара іс-қимыл жасау.
- БСК отырыстарына, ҚПО-мен, Уәкілетті органмен және мердігер ұйымдармен жұмыс кездесулері мен жұмыс топтарына Серіктестіктің ұстанымын ұсыну, негіздеу және келісу бөлігінде қатысу.
- Сатып алулар және жергілікті қамту бөлігінде қолданылатын рәсімдер мен нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.
ҚПО сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту
- Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы шеңберінде ҚПО сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу.
- ҚПО-ның ТЖҚ-ға қажеттіліктері туралы ақпаратты жинау және талдау, жергілікті қамтуды дамыту үшін басым санаттар мен бағыттарды анықтау.
- Өндірісті оқшаулау, қазақстандық өндірушілерді дамыту, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту және жергілікті өнім берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау.
- ҚПО-ның жергілікті қамту жөніндегі кіші комитетінің отырыстарына және өндірісті оқшаулау мен жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша жұмыс топтарына қатысу.
- Жергілікті өндірістерді құру, дамыту және кеңейту жөніндегі бастамаларды, сондай-ақ ҚПО сатып алуларына қазақстандық өнім берушілердің қатысуын арттыруға бағытталған іс-шараларды сүйемелдеу.
Серіктестіктің сатып алулары
- Серіктестіктің ТЖҚ сатып алуларының алдын ала, жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын қалыптастыру және келісу, тиісті материалдарды дайындау және бекітілген функциялар шегінде жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізу.
- Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бәсекелестік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу.
- Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың және көрсетілетін қызметтерді ұсынудың белгіленген мерзімдерінің сақталуы бөлігінде шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу.
- Сатып алу шешімдерін және шығындар деңгейіне әсер ететін факторларды талдау, сондай-ақ сатып алулар саласындағы тәуекелдерді анықтау және бағалау.
- Серіктестік қызметкерлеріне өз құзыреті шегінде Сатып алу тәртібін және басқа да ішкі нормативтік құжаттарды қолдану мәселелері бойынша консультация беру.
- Сатып алулар саласындағы Серіктестіктің ішкі нормативтік және әдістемелік құжаттарын жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстар дайындау.
- Серіктестіктің сатып алуларындағы жергілікті қамтуды арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу.
ҚПО және Серіктестіктің сатып алулары мәселелері бойынша ҚМГ-мен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-ның бейінді бөлімшелерімен ҚПО мен Серіктестіктің сатып алу қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде ТЖҚ сатып алулары, шарттық стратегиялар, жергілікті қамту және БСК қарауына шығарылатын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
- ҚПО сатып алулары бойынша ҚМГ үшін талдамалық және анықтамалық ақпарат дайындау, оның ішінде сатып алынатын ТЖҚ, көлемдер мен техникалық талаптар, алдыңғы сатып алулардың нәтижелері, мердігерлер мен өнім берушілер, коммерциялық талаптар, құн, тәуекелдер және жергілікті қамту туралы мәліметтерді ұсыну.
- Ағымдағы және алдыңғы тендерлердің нәтижелеріне, коммерциялық талаптар мен сатып алынатын ТЖҚ құнына салыстырмалы талдау жүргізу.
- Өнім берушілер мен мердігерлер нарығын, бәсекелестік деңгейін және ТЖҚ негізгі санаттары бойынша өндірісті оқшаулау әлеуетін талдау.
- Серіктестік пен ҚМГ басшылығына арналған түсіндірме жазбалардың, негіздемелердің, талдамалық материалдардың, презентациялардың және есептіліктің жобаларын дайындау.
- ҚПО-ның жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының орындалуы және сатып алулардағы жергілікті қамту көрсеткіштерінің серпіні бойынша материалдар дайындау.
- Серіктестіктің сатып алуларын жоспарлау және орындау, сатып алу рәсімдерінің нәтижелері, жергілікті қамту деңгейі, даулы жағдайлар, шағымдар және анықталған тәуекелдер бойынша материалдар дайындау.
- Сатып алулар және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңестерін, консультацияларды, дөңгелек үстелдерді және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Тәуекелдерді басқару
- ҚМГ мен Серіктестіктің саясаты мен регламенттеріне сәйкес сатып алулар және жергілікті қамту саласындағы қызметке байланысты негізгі тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау.
- Тәуекелдер және іске асырылған тәуекел оқиғалары бойынша ақпаратты белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну.
- Анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар бойынша ұсыныстар мен материалдар дайындау.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ мен Серіктестіктің қолданылатын корпоративтік стандарттарына сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Құқықтық мәселелер және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор
«Көкшетау ЖЭО» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Көкшетау қ.
03.09.2026 | 296
Сатып алуды басқару қызметінің басшысы (ЖШС «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»)
«Samruk Business Academy» ЖММ | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
01.09.2026 | 339