Құқықтық мәселелер және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор

«Көкшетау ЖЭО» ЖШС Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
293

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • сенімхат негізінде үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарда Серіктестіктің атынан әрекет етеді;
  • шарт жобалары мен шарттық құжаттаманың, бұйрық жобаларының, сатып алу рәсімдерінің, басқару органдарының нұсқаулары, шешімдерінің және басқа да жергілікті нормативтік құқықтық актілердің құқықтық сараптамасының сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • құқықтарды қорғауды және мүдделердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы және әлі күшіне енбеген ҚР нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • Серіктестіктің претензиондық-иссиялық және соттық-арбитраждық жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді, сотта Серіктестіктің мүдделерін қорғау мақсатында соттық ұстанымды айқындауды және Серіктестіктің мүдделерін соттарда ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • материалдық-техникалық (сатып алу қызметі), компанияның шаруашылық қамтамасыз етілуін және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы және сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша есептіліктің жүргізілуін бақылайды;
  • Серіктестікте тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша маркетинг жүргізу процесін, негізгі тауарлық позициялар бойынша сатып алулардағы маркетингтік бағалардың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін басқарады және бақылайды. Сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
  • Серіктестіктің Даму жоспарының баптарын қалыптастыру және түзету кезінде маркетингтік зерттеулер жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
  • Серіктестіктің сатып алу және маркетинг мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ақпаратты уақтылы жинауды, талдауды, қалыптастыруды және ұсынуды бақылауды қамтамасыз етеді;
  • өз құзыреті шегінде жазбаша өтініштерді қарайды, олар бойынша тиісті жауаптар, қорытындылар дайындайды;
  • туындайтын сатып алу мәселелері бойынша басқа ұйымдармен байланысты қолдайды;
  • кадрлармен жұмыс ұйымдастыруды, еңбек заңнамасының талаптарын, кадрлық іс жүргізу саласындағы нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;        
  • Қоғамда құжаттармен жұмыс жүргізудің бірыңғай тәртібін ұйымдастыру процестерін, құжаттаманы басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту, электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚАЖ) жетілдіру, сондай-ақ Серіктестіктің құжаттарын сапалы аударуды және архивтік сақтауды қамтамасыз ету процестерін ұйымдастырады және бақылайды.

Талаптар:

  • Білім беру (деңгей/бейін):

    Құқықтану саласындағы жоғары білім.

    Бағдарламасы халықаралық аккредитацияға ие MBA дәрежесінің болуы немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімнің болуы қажет/ұсынылады.
  • Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуы: сатып алулар бойынша сертификаттаудың болуы құптарлық
  • Кәсіби салада практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы: кемінде 8 жыл;
  • Басшылық лауазымдардағы тәжірибенің болуы: кемінде 5 жыл, ішкі кандидаттарды қоспағанда, АО «Самрук-Қазына»/АО «Самрук-Энерго» компаниялар тобы құрамында кемінде 5 жыл жұмыс істеген.

Шарттар:

  • 5/2 кесте, 09:00-18:30; Әлеуметтік пакет, ресми жұмыспен қамту.