Санаты жоқ заңгер-жетекші заңгер Өскемен қ. 20.08.2026 ж. № 05-01-04/619 Заң басқармасы-1 бірлік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
94

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

мемлекеттік органдарында «ҮМЗ» АҚ құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін ұсынуға қатысады. 2. Басшылыққа қол қоюға ұсынылған шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын, бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың, еңбек шарттарының және «ҮМЗ» АҚ-да шығарылатын құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осы құжаттарға бұрыштама қояды. Көрсетілген құжаттардың жобалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда, қаралатын мәселелерді шешудің заңды тәртібі туралы ұсыныспен жазбаша қорытынды береді 3. Талап-арыз жұмыстарын, сот актілерін орындау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысады («ҮМЗ» АҚ-ға қойылатын талаптар мен шағымдардың және «ҮМЗ» АҚ-ға қойылатын талаптар мен шағымдарға пікірлердің жобаларын дайындайды; сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік органдарға жіберілетін материалдарды дайындайды). 4. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады 5. «ҮМЗ»АҚ бөлімшелерінде еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады (жұмыс уақытының режимі және демалыс уақыты, қызметкерлерді қабылдау және ауыстыру, еңбек шарттарын бұзу, тәртіптік жаза қолдану және т.б. мәселелері бойынша). 6. Тергеу, сот органдарына беру, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ келтірген зиянды өтеу шараларын қабылдау үшін ұрлау, ысырап ету, жетіспеушілік туралы және өзге құқық бұзушылықтар туралы тиісті қызметтер дайындаған материалдарды заңды түрде ресімдеуді жүзеге асырады. 7. «ҮМЗ» АҚ қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңестер мен қорытындылар береді. 8. Жедел кеңестерге қатысады. 9. Шаруашылық шарттарды (келісімшарттарды, келісімдерді) дайындауға қатысады және оларды қолайсыз құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау мақсатында келіседі; құжаттардың ҚР заңнамасына, «ҮМЗ» АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкестігін тексереді. 10. Жергілікті актілердің, бұйрықтардың, өкімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындауға қатысады. 11. «ҮМЗ» АҚ балансында есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарауға және басқа бөлімшелермен бірлесіп осы берешекті жою шараларын қабылдауға қатысады. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің сұраныстары бойынша «ҮМЗ» АҚ дебиторлық және кредиторлық берешектерін есептен шығару мүмкіндігі туралы заңды қорытындыларды дайындауға қатысады. 12. «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. 13. «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің өтініштері мен шағымдарын қарауға қатысады. 14. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша тендерлер өткізуге қатысады. 15. «ҮМЗ» АҚ-да шарттық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ шаруашылық шарттардың үлгі нысандарын әзірлеуге қатысады. 16. Қазақстан Республикасы заңнамасының мониторингін жүзеге асырады. 17. «ҮМЗ» АҚ-да құрылған түрлі комиссиялардың жұмысына қатысады (келісім комиссиясы, тендерлік комиссия және т.б.). 18. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінде «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің еңбек заңнамасын зерделеу мәселелері бойынша дәрістер өткізеді. 19. "ҮМЗ" АҚ құқықтық жұмысы туралы есептерді және Заң басқармасының талап-арыз жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді дайындайды. 20. «ҮМЗ» АҚ органдарының қарауына жіберілетін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізеді және оларды келіседі. 21. «ҮМЗ» АҚ еншілес ұйымдары органдарының қарауына, оның ішінде байқау кеңестеріне келіп түсетін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді. 22. «ҮМЗ» АҚ жарғылық капиталына қатысу үлесі бар заңды тұлғалар органдарының қарауына келіп түсетін құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі мәніне тексереді. 23. «ҮМЗ» АҚ стратегиялық (ерекше маңызды) жобаларын іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 24. «ҮМЗ» АҚ заңды тұлғаларды құруда, қайта ұйымдастыруда, таратуда, банкроттықта қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Білім:

жоғары (заңгер)

Дағдылар:

Білуі тиіс: - ҚР Еңбек кодексі; - менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; - менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ); - құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері, іскерлік жазудың жоғары деңгейіне ие болу; - құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; - өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; - режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді сақтау жөніндегі талаптар.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс 5 күндік жұмыс аптасында сағат 8.00-ден бастап 17.00 - ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Демалыс түрлері: жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы - 24 күнтізбелік күн. Еңбек ақы мөлшері/грейд: Санаты жоқ заңгер: грейд 12.5 (334 598 теңгеден 512 153 теңгеге дейін) 2-санатты заңгер: грейд 12.4 (351 328 теңгеден 537 761 теңгеге дейін) 1-санатты заңгер: грейд 12.3 (368 895 теңгеден 564 649 теңгеге дейін) Жетекші заңгер: грейд 14 (461 746 теңгеден 957 476 теңгеге дейін) Тағылымдама - белгіленбейді

Білетін тілдер:

-