Инвестиция және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департаментінің аға менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1240

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Инвестициялық жоспарлау және мониторинг
  • Қоғамның және ЕҰ/ТҰ-ның инвестициялық жобаларының қаржылық-экономикалық модельдерін қарау;
  • Қоғамның және ЕҰ/ТҰ-ның инвестициялық жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау;
  • Қоғамның бейінді құрылымдық бөлімшелері немесе ЕҰ/ТҰ бастамашылық еткен инвестициялық жобаларды қарау;
  • Қоғамның Инвестициялық комитетінде қаралатын мәселелер бойынша қажетті материалдарды жинақтау;
  • Қоғамның Инвестициялық портфелін қалыптастыру және оған қажетті өзгерістер енгізу;
  • Қоғамның жылдық есебін дайындауға арналған материалдарды, сондай-ақ «Инвестициялық жобаларды іске асыру» корпоративтік ҚНК-ның нақты орындалуы туралы есептерді дайындау;
  • Инвестициялық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалар, есептеулер, қорытындылар, презентациялар және өзге де материалдар дайындау;
  • Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы акционерлер мен мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар ету мақсатында олардың тапсырмаларын орындау;
  • Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын уақтылы әрі тиісті деңгейде орындау;
  • Қоғамның және ЕҰ/ТҰ-ның инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша корпоративтік және уәждемелік ҚНК карталарының орындалуына мониторинг жүргізу.
  1. Портфельдік басқару
  • Қоғамның стратегиялық даму бағыттарына сәйкес инвестициялық портфельдің оңтайлы құрылымы бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті анықтамалық материалдарды дайындау;
  • Инвестициялық шешімдерді сапалы әрі уақтылы қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды ранжирлеу процесін жүзеге асыруға қажетті материалдарды дайындау;
  • Өзекті инвестициялық индикаторларды ескере отырып, инвестициялық портфельді теңгерімдеу процесін жүзеге асыруға қажетті материалдарды дайындау.
  1. Инвесторлармен жұмыс және халықаралық ынтымақтастық
  • Инвестициялар тарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, отандық және шетелдік серіктестермен, инвестициялық қорлармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның инвестициялық қызметіне қатысты меморандумдарды, ынтымақтастық туралы келісімдерді және өзге де құжаттарды әзірлеуге және жоғары тұрған органдармен келісуге қатысу, сондай-ақ серіктестермен келіссөздер жүргізу;
  • Презентациялық материалдарды, тизерлерді, инвестициялық ұсыныстарды және өзге де материалдарды әзірлеу;
  • Жоғары тұрған органдардың тапсырмалары мен хаттамаларында белгіленген міндеттерді келісу, сапарлар, қол қойылған келісімдер мен меморандумдар, жол карталарының қорытындылары бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы есептілікті ұсыну, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен ЕҰ/ТҰ-ның қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауына мониторинг жүргізу;
  • Серіктестермен жұмыс істеу бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру және жұмыс топтарының құрамын бекіту туралы бұйрықты келісуге ұсыну;
  • Қоғамның инвестициялық жобалары бойынша халықаралық ынтымақтастық функцияларын жүзеге асыру, бұл ретте Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын функцияларды орындамау;
  • Қоғам мен ЕҰ/ТҰ-ның инвестициялық жобалары шеңберінде қолданыстағы және әлеуетті шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Қоғамның халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылына қатысты анықтамалық материалдарды дайындау;
  • Қоғам басшылығымен келісу үшін халықаралық сапарлар мен форумдардың кестесін әзірлеу.

Талаптар:

  • Білімі: экономика және/немесе қаржы, және/немесе менеджмент, және/немесе математика, және/немесе халықаралық қатынастар салаларында жоғары білім;
  • Жұмыс тәжірибесі: бейінді қызмет салаларында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Соның ішінде мынадай жұмыс тәжірибесінің болуы:
  • бухгалтерлік есеп, инвестициялық қызмет, банк ісі, қаржылық талдау немесе экономикалық талдау салаларында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • іскерлік қарым-қатынас жасау және келіссөздер жүргізу дағдыларының жоғары деңгейде болуы;
  • ақпаратты талдау және жинақтау, есептер мен презентациялар дайындау қабілеті;
  • ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларының жоғары деңгейі, оның ішінде презентациялық материалдарды дайындау дағдылары;
  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі (болғаны жөн);
  • Халықаралық қаржы институттарымен, қорлармен және бағдарламалармен жұмыс тәжірибесі (болғаны жөн);
  • Ірі халықаралық компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобалармен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы артықшылық болады (болғаны жөн).

Шарттар:

  • ҚР ЕК-не сәйкес ресімдеу.
  • Сынақ мерзімі - 3 ай.
  • Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күні - сенбі және жексенбі.