«ҚазГӨЗ» ЖШС СКД жобалық тобының басшысы (Назар аударыңыз! Бос жұмыс орны уақытша, жаңа газ өңдеу зауыты пайдалануға берілгенге дейін)

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
444

   Конкурс туралы

«ҚазГӨЗ» ЖШС СКД жобалық тобының басшысына қойылатын біліктілік талаптары

(Назар аударыңыз! Бос жұмыс орны уақытша, жаңа газ өңдеу зауыты пайдалануға берілгенге дейін).

Білім деңгейі:

Жоғары білім.

Білім бейіні:

ДСП қызметінің және іске асырылып жатқан Жобаның бейініне сәйкес келетін инженерлік-техникалық бағыттағы білім, оның ішінде құрылыс, сәулет, инженерия, жобаларды басқару, экономика, менеджмент немесе мұнай-газ ісі салаларында.

Инженерлік-техникалық және (немесе) басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі — кемінде 7 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі — кемінде 3 жыл.

Қосымша:

Ірі инвестициялық, өнеркәсіптік, мұнай-газ немесе инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесінің болуы артықшылық беретін біліктілік талабы болып табылады.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:

Міндетті:

  • жобаларды басқару негіздері;
  • күнтізбелік-желілік кестелерді әзірлеу және өзектендіру әдістері;
  • жобаларды іске асыру мерзімдерін басқару әдістері;
  • жобалардың құнын басқару әдістері;
  • тәуекелдерді басқару әдістері;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі логистикалық процестерді басқару негіздері;
  • инвестициялық жобаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету негіздері;
  • жоба өзгерістерін басқару әдістері;
  • талдамалық және басқарушылық есептілікті дайындау әдістері;
  • жобалық құжаттаманы қалыптастыру тәртібі;
  • жобаларды басқарудың заманауи ақпараттық жүйелері (Primavera P6, Microsoft Project немесе ұқсас жүйелер);
  • Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасы;
  • жобаларды іске асыру бөлігіндегі шарттық жұмыс негіздері;
  • презентациялық және талдамалық материалдарды дайындау қағидалары;
  • мемлекеттік және орыс тілдері, ағылшын тілі — лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті көлемде;
  • Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары.

Қалаулы:

  • МВА дәрежесінің, ғылыми дәрежесінің/атағының немесе қосымша білімінің болуы.

Басқарушылық құзыреттер:

  • көшбасшы және үлгі бол, артыңнан команда ерсін;
  • жұмысты тиімді ұйымдастыр және мақсаттарға қол жеткіз;
  • жаңашылдықтарды енгіз және қызметкерлерді дамыт;
  • көптеген идеяларың болсын, бір шешім қабылда және проблемаларға жол берме.

Корпоративтік құзыреттер:

  • жауапкершілік таныт және бастамашыл бол;
  • әрекет ет және ең үздік нәтижеге қол жеткіз;
  • командада жұмыс істе, компанияның мүдделерін қорға;
  • серпінді бол және дамы;
  • талда, ойлан және ұсыныс жаса;
  • өзіңе сен, әріптестеріңді құрметте және компанияңды мақтан тұт;
  • қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істе.

Лауазымдық міндеттері:

1.1 Жобалық топтың қызметіне басшылық етуді жүзеге асыру, оның жұмысын тиімді ұйымдастыруды, топ қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді және тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

1.2 Жобаны іске асыруды басқарудың кешенді және егжей-тегжейлі күнтізбелік-желілік кестелерін әзірлеуді, сүйемелдеуді және өзектендіруді ұйымдастыру.

1.3 Жобаны іске асырудың күнтізбелік-желілік жоспарлау процесін ұйымдастыру, күнтізбелік-желілік кестелерді әзірлеу, келісу және өзектендіру бойынша әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

1.4 Жоба іс-шараларының орындалуына жүйелі мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, бекітілген кестелердің, бақылау нүктелерінің және Жобаны іске асыруды басқарудың негізгі кезеңдерінің орындалуын талдау.

1.5 Жобаның сыни жолына талдау жүргізу, Жобаны іске асыру мерзімдеріне әсер ететін ауытқуларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар дайындау.

1.6 Өз құзыреті шегінде Жобаны іске асыруды логистикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен, мердігер ұйымдармен, өнім берушілермен және Жобаның өзге де қатысушыларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

1.7 Жабдықтарды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық ресурстарды жеткізу кестелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, ауытқулардың себептерін талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар дайындау.

1.8 Жобаны логистикалық қамтамасыз етудің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты дайындауды ұйымдастыру және оны ДСП басшысына ұсыну.

1.9 Құзыреті шегінде ДСП құрылымдық бөлімшелерінен, мердігер ұйымдардан және Жобаның өзге де қатысушыларынан келіп түсетін ақпаратты жинауды, тексеруді, шоғырландыруды және талдауды ұйымдастыру.

1.10 ДСП басшысы мен Серіктестік басшылығына Жобаны іске асыруды басқару барысы туралы талдамалық материалдарды, анықтамаларды, есептерді, презентацияларды, ақпараттық жазбаларды және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз ету.

1.11 Жобаны іске асыруды басқарудың бекітілген жоспарларынан ауытқуларды анықтау, олардың туындау себептерін талдау және түзету іс-шаралары бойынша ұсыныстар дайындау.

1.12 Төмендегі тізілімдерді жүргізуді және өзектендіруді ұйымдастыру:

  • жобалық тәуекелдер;
  • Жобадағы өзгерістер;
  • бақылау оқиғалары;
  • тапсырмалар;
  • жобаларды басқарудың өзге де құралдары.

1.13 Жобалық тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларды сәйкестендіруді, талдауды, бағалауды және салдарын барынша азайту бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастыру.

1.14 Жобадағы өзгерістерді басқару процестерін ұйымдастыру, оның ішінде ұсынылатын өзгерістердің іске асыру мерзімдеріне, құнына, жұмыс көлеміне және Жобаның нысаналы көрсеткіштеріне әсерін бағалау.

1.15 Жобаны іске асыруды басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету.

1.16 Жобаны іске асыруды басқару бойынша жобалық есептіліктің бірыңғай жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

1.17 Жобалық есептілікті дайындау, күнтізбелік-желілік жоспарлау және Жобаны іске асыруды басқару мониторингі мәселелері бойынша ДСП құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын үйлестіру.

1.18 Жобаны іске асыруды басқару мәселелері бойынша кеңестерге, жұмыс топтарының отырыстарына, комитеттерге және өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды ұйымдастыру.

1.19 Өз құзыреті шегінде Жобаны іске асыруды басқаруға қатысты шешімдердің, тапсырмалардың және іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

1.20 Жұмыстардың нақты орындалуын ескере отырып, оларды уақтылы өзектендіруді ұйымдастыру арқылы Жобаны іске асыруды басқарудың күнтізбелік-желілік кестелерінің өзектілігін қамтамасыз ету.

1.21 Жобаны іске асырудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау және жобаларды басқару процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау.

1.22 Өз құзыреті шегінде жобаларды басқару мәселелері бойынша Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу.

1.23 Жобаларды басқару саласында заманауи әдістерді, құралдарды және цифрлық шешімдерді енгізуді ұйымдастыру.

1.24 Жобаны іске асыруды басқару бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді, оның ішінде жобалық ақпаратты мұрағаттауды және жүйелеуді қамтамасыз ету.

1.25 Жобалық топ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасы, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

1.26 Жобалық топ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасуды және жобаларды басқарудың озық тәжірибелерін енгізуді ұйымдастыру.

1.27 Жобалық топтың қарауындағы құжаттардың, ақпараттың және өзге де материалдардың сақталуын қамтамасыз ету.

1.28 Қазақстан Республикасының заңнамасының, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын, құпиялылық және коммерциялық құпия режимін сақтау.

1.29 ДСП басшысының жобалық топтың құзыретіне жататын тапсырмаларын уақтылы орындау.

1.30 Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестіктің жергілікті актілеріне және осы лауазымдық нұсқаулыққа қайшы келмейтін, жобалық топтың мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын өзге де міндеттерді орындау.

1.31 Қауіпсіз мінез-құлықты және қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтауды жеке үлгі ретінде көрсету, сондай-ақ басқа қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауға тарту және ынталандыру.

1.32 Қауіпсіздік ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес өндірістік процестерді және жекелеген жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруды және қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)