Қауіпсіздік әкімшілендіру орталығының басшысы (ҚАО басшысы) ДҚБ
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
Security Administration Center және Service Development және SOC Infrastructure Support командаларын басқару.
-
Компанияның ақпараттық желілерінде ақпаратты қорғау жүйелерін ұйымдастыру және дамыту.
-
Ақпараттық желілердің қорғалуын және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау.
-
Критикалық IT/АҚ (IT/ИБ) инфрақұрылымын және микросервистік архитектураны әкімшілендіру және сүйемелдеу процестерін басқару.
-
Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылау және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жедел әрекет ету.
-
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу және жаңғырту жобаларына қатысу.
-
Жаңа жүйелер мен процестерді тестілеуді және тәжірибелік (пилоттық) пайдалануды ұйымдастыру және бақылау.
-
Бөлімше құзыреті аймағында ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару.
-
Бөлімшенің жұмысын жоспарлау, регламенттік және профилактикалық жұмыстардың орындалуын бақылау.
-
Бюджеттеу және бөлімше ресурстарын басқаруға қатысу.
-
Жаңа жобаларды іске қосу кезінде ішкі және сыртқы клиенттермен, әзірлеушілермен және басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау.
-
Ішкі аудиттерге қатысу және ақпараттық қауіпсіздік процестерін жетілдіру.
Талаптар:
-
IT немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білім.
-
Телекоммуникация немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс тәжірибесі — 5 жылдан бастап.
-
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі — 3 жылдан бастап.
-
Ақпаратты қорғау технологияларын, әдістерін және құралдарын білу.
-
Желілерді құру қағидаттарын және киберқауіпсіздікті түсіну.
-
Желілер архитектурасын және IT-қызметтерді ұсыну модельдерін білу.
-
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін практикалық түсіну: NGFW, SIEM, DLP, PAM, Anti-DDoS.
-
ИБ бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру дағдылары.
-
Ақпараттық қауіпсіздік және байланыс саласындағы ҚР заңнамасын білу.
-
Басқарушылық және аналитикалық мықты дағдылар, логикалық ойлау, коммуникабельділік және ұйымдастырушылық.
-
Жұмыс үшін қажетті көлемде қазақ тілін білу.
Шарттары
-
«Қазақтелеком» АҚ Цифрлық бизнес дивизионында жұмыс.
-
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша басшылық лауазым.
-
Критикалық IT/ИБ-инфрақұрылыммен және ірі технологиялық жобалармен жұмыс.
-
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізуге және жаңғыртуға қатысу мүмкіндігі.
-
Кәсіби даму және біліктілікті арттыру мүмкіндігі.