KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы Жобаларды қарау және күрделі құрылыс департаменті жобаларды сараптау тобының жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
131

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) адал және жауапкершілікпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының және өзге де басшылардың актілеріне сәйкес сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;

    2) «KEGOC» АҚ-ның Саясатын, Мақсаттарын, Бағдарламаларын, ИСМ саласындағы қызмет мақсаттарын білу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

    3) «KEGOC» АҚ құжаттамасының талаптарын, оның ішінде ИСМ саласындағы талаптарды, Қызметтің қызметіне және жетекші инженер тобының функцияларына сәйкес орындау;

    4) «KEGOC» АҚ-ның еңбек және орындаушылық тәртібі, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, «KEGOC» АҚ-ның өрт қауіпсіздігі, «KEGOC» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясаты және Мінез-құлық кодексі (іскерлік этика) бойынша ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және «KEGOC» АҚ құжаттамасына сәйкес өзге де нормалар мен ережелерді сақтау;

    5) «KEGOC» АҚ-ның мүлкі мен мүліктік мүдделерін ұрлықтан, жойылудан, бүлінуден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау үшін барлық шараларды қабылдау;

    6) жетекші инженер тобына еңбек міндеттерін орындауына байланысты белгілі болған «KEGOC» АҚ-ның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын жария етпеу;

    7) «KEGOC» АҚ аумағынан тікелей басшының рұқсатынсыз оған тиесілі емес ешқандай құжаттарды, іскерлік қағаздарды шығармау, ал оған тиесілі емес мүлік пен өзге де заттарды — еңбекті қорғау және қауіпсіздік Қызметінен тиісті түрде ресімделген материалдық рұқсаттамамен рұқсатсыз шығармау;

    8) еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби деңгейін және біліктілігін еңбек міндеттерін нәтижелі орындау үшін көтеру.

    Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

    1)    әзірленетін техникалық тапсырмаларға (ТТ), жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ), жобалау-іздестіру жұмыстарына (ЖІЖ) және «KEGOC» АҚ үшін әзірленген технико-экономикалық негіздемеге (ТЭН) ИТК бөлігінде сараптамалық қорытындылар беру бойынша жұмыстарды орындайды;

    2)    сыртқы электрмен жабдықтау сұлбалары, қуат беру сұлбалары, ЖСҚ, ЖІЖ, ТЭН бойынша ИТК бөлігінде энергия нарығы субъектілеріне сараптамалық қорытындылар беру жұмыстарын орындайды;

    3)    Энергия нарығы субъектілеріне және «KEGOC» АҚ-ға техникалық шарттарға (ТШ) СДТУ бөлігінде ұсыныс беру бойынша жұмыстарды орындайды;

    4)    тендерлік құжаттамаларды әзірлейді, техникалық шарттарды тексереді, есептерді орындайды.

    5)    жобалар бойынша ИТС бизнес-жоспарын жоспарлау және іске асыруға қатысады;

    6)    жылдық инвестициялық бағдарламаны және объектілер бойынша жылдық сатып алу жоспарын іске асыруға қатысады, Филиалдың инвестициялық бағдарламасының жоспарлық көрсеткіштерін орындау бойынша ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді және түсіндірме жазбаны дайындайды;

    7)    «KEGOC» АҚ үшін әзірленген техникалық тапсырмаларға (ТТ), жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ), жобалау-іздестіру жұмыстарына (ЖІЖ) және технико-экономикалық негіздемеге (ТЭН) ИТК бөлігінде сараптамалық қорытындыларды уақтылы беру үшін жауап береді.

    8)    сыртқы электрмен жабдықтау сұлбалары, қуат беру сұлбалары, ЖСҚ, ЖІЖ, ТЭН бойынша ИТК бөлігінде энергия нарығы субъектілеріне уақтылы беру үшін жауап береді;

    9)    «KEGOC» АҚ-ның техникалық шарттарына және энергия нарығы субъектілеріне ИТК бөлігінде ұсынысты уақтылы беру үшін жауап береді.

    10)           бекітілген бизнес-процестерге сәйкес қызметті жүзеге асырады;

    11)           Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер шеңбері бойынша материалдар дайындайды және жиналыстарға, семинарларға, көрмелерге қатысады;

    12)           Филиал басшылығының тапсырмасы бойынша Қызметтің қызметіне қатысты өзге де жұмыстарды орындайды;

    13)           ИСМ саласында Филиалдың Саясатын, Мақсаттарын, Жоспарлары мен Бағдарламаларын іске асыруға қатысады;

    басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

  • ДК-нің тәжірибелі пайдаланушысы (MSOffice: Word, Excel, PowerPoint, Outlook, SAP, MetaDoc, AutoCAD, Adobe Acrobat, CorelDRAW). Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу (қалаулы).

         Байланыс телекоммуникациялық жүйелері мен кешендерін құрудың негізгі компоненттерін, топологиясын, оның ішінде әуе желілері (ӘЖ) бойынша ЖЖ байланыс жабдығын, РЗиПА жабдығын, талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) жабдығын білу.
  • Қаралатын мәселелер қызметі саласында сертификаттардың болуы қалаулы

Шарттар:

  • Жұмыс кестесі: 5/2 (демалыс күндері жұмысқа шығу мүмкін)
  • Толық әлеуметтік пакет
  • Вакансия Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимаратында орналасқан.
  • 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі ас 13:00-14:00

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)