"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының аға бухгалтері
Біліктілік талаптары
|
Білім деңгейі |
Жоғары |
|
Білім бейіні |
Қаржылық және/немесе экономикалық және/немесе «Бухгалтерлік есеп және аудит» |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Қаржы-бухгалтерлік есеп саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Жетекші бухгалтер және/немесе 1-санатты бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
|
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдыла |
· ҚР бухгалтерлік және салықтық есепке алу, қаржылық есептілік саласындағы заңнамасын білу; · Салалық заңнаманы білу; · Салық органдары мен басқа да бақылаушы органдар тарапынан жүргізілетін тексерулерден өту тәжірибесінің болуы; · Дәлдік пен мұқияттылық; · Командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашық болу, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; · Басшыға салықтық салдарларды болжай және түсіндіре білу; · Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесінің болуы. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Үйлестірілетін сұрақтар аясында мына сертификаттардың болуы міндетті: DipIFR, ҚР Кәсіби бухгалтері. |
|
Қосымша талаптар |
· Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook, IBM Notes бағдарламаларын сенімді меңгеру, кеңсе перифериялық құрылғыларын (принтер, факс, сканер) пайдалана білу, Интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларының болуы; · Қазақ және орыс тілдерін білу. |
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салу объектілерінің есебін жүргізеді;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық тіркелімдер мен салық есептілігін, сондай-ақ мониторинг бойынша есептілікті электрондық құжат нысанында қалыптастырады;
- белгіленген мерзімдерде салықтық есептілікті салықтық басқару органдарына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
- салықтарды есептеуге әсер ететін мәселелер бойынша Атқарушы дирекция қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдердің болжамды жоспарын жасау үшін салық сомалары төлемдерінің болжамды мәндерін айқындайды, бюджетке төленуге тиіс міндетті салықтар бойынша берешектің қалыптасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
- камералдық бақылау шеңберінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органының талаптарын, сондай-ақ қарсы тексеру жүргізуге арналған нұсқамаларды орындауды қамтамасыз етеді;
- қолданыстағы заңнамалық және нормативтік құжаттарға сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуін және уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді;
- бюджетпен есеп айырысуларға бақылау жүргізеді және олардың ағымдағы талдауын жүзеге асырады, филиалдар арасындағы айналымдардың есебін жүргізеді;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстыру актілеріне талдау жүргізеді және салық комитетінің дербес шоттарындағы деректердің бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкестігін бақылайды;
- жүктелген функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша салық және басқа да бақылаушы органдармен хат алмасуды жүргізеді;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің дұрыс орындалуына қатысты өзгерістерге мониторинг жүргізеді және жаңа нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу жасайды, алынған ақпаратты мүдделі тұлғаларға жеткізеді;
- тікелей басшыны филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау үшін бухгалтерлік есептің өзі жетекшілік ететін учаскесі бойынша салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- салықтық есептіліктің сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпке сәйкес оларды мұрағатқа өткізу үшін ресімдейді;
- бухгалтерлік есептің өзі жетекшілік ететін учаскесі бойынша жыл сайынғы жоспарлы түгендеуді жүргізуге қатысады.
- Атқарушы дирекция мен филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша бухгалтерлік есептің өзі жетекшілік ететін учаскесі бойынша ақпарат ұсынады;
- қаржылық есептілікті жасау үшін тиісті бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша деректерді уақтылы дайындайды;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін өзі жетекшілік ететін бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша жетекші бухгалтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық көмекпен қамтамасыз етеді;
- тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;
- ай сайын жергілікті салықтар мен алымдар бойынша бюджет алдындағы берешекті қалыптастырады және бақылайды (11-нысан);
- ай сайын ҚҚС бойынша декларацияны қалыптастырады; ҚҚС бойынша салықтық тіркелімдерді ай сайын қалыптастырады және тексереді: сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша салықтық тіркелім, қойылған шот-фактуралар бойынша салықтық тіркелім. ЭШФ АЖ-нен алынған электрондық шот-фактураларды есепке алу жүйесінде тіркелген шот-фактуралармен салыстырып тексереді.
- есепті кезеңдерді жабуға қатысады: ақпаратты қабылдау және жинақтау;
- сыртқы аудиторлардың сұрау салулары бойынша ақпарат дайындауға қатысады;
- бухгалтерлік және салықтық есепке алу мәселелері бойынша филиалдың нормативтік-құқықтық актілерінің, бұйрықтарының, өкімдерінің, шарттарының, келісімдерінің және өзге де құжаттарының жобаларына ұсыныстар енгізеді;
- бухгалтерлік есепке алу процестері бойынша өзіне бекітілген рәсімдер мен пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтарды жетілдіруді және өзектендіруді жүзеге асырады;
- қаржылық есептілікті, оған берілетін ескертпелерді және басқа да қажетті ақпаратты ашып көрсетуді қалыптастыруға қатысады;
- бастапқы құжаттарды ресімдеу тәртібінің, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерінің, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын, сондай-ақ филиалдың негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаты, еңбекақы бойынша есеп айырысулар, салықтар, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар және басқа да құндылықтар бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын, шығыстар сметасының орындалуын бақылайды;
- Бухгалтерияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша ішкі және сыртқы қызметтермен хат алмасуды жүргізеді;
- жұмыс орнын тиісті тәртіпте ұстайды. Жұмыс барысында жарамсыз есептеу техникасын пайдаланбайды, компьютерде жұмыс істеу кезінде электр сымдарының жай-күйін қадағалайды, жұмыс күнінің соңында электр аспаптары мен электр жабдықтарын өшіреді;
- КШБ орындалуына талдау жүргізеді, өзі жетекшілік ететін бюджеттік көрсеткіш кодтары шеңберінде факторлық талдау жүргізеді;
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуға байланысты компания жобаларын енгізуге қатысады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Бухгалтерлік есеп
Ұқсас вакансиялар