4-разрядты дезактиваторшы

«Қызылқұм» ЖШС Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

дезактиваторшысы сорбция, денитрация, десорбция, тұндыру және сүзу процестерінің жалпы сипаттамасын білуі тиіс және оған келесі кәсіби міндеттер жүктеледі: орындалатын жұмыстың технологиялық процесін білу; дезактивациялаушы ерітінділердің негізгі құрамдары мен қасиеттерін білу; жұмыс құрал-саймандарын ұстау және пайдалану ережелерін, радиациялық гигиена талаптарын білу; дезактивациялық жабдықтың, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның жұмыс істеу принципін білу; дезактивациялаушы құрамдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін білу; дезактивациялаушы ерітінділерді дайындау ережелерін, олардың жабдыққа әсерін және қорғаныс құралдарын білу; материалдар мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) білу; дезактивациялық жабдықтың, дозиметриялық және радиометриялық аппаратураның құрылысын білу; радиоактивті ластанудың рұқсат етілген шекті деңгейлері мен концентрацияларын білу; радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеудің санитариялық қағидаларын сақтау; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсатын және қолдану шарттарын білу; тиісті жұмыстарды орындауды реттейтін технологиялық карталарды, жұмыс нұсқаулықтарын және басқа да құжаттарды білу; өз жұмыс орнында еңбекті ұйымдастыру қағидаларын сақтау; өзі пайдаланатын немесе қызмет көрсететін жабдықтарды, құрылғыларды және құрал-саймандарды техникалық пайдалану және күтіп ұстау ережелерін білу; жұмыс барысында туындайтын ағымдағы ақауларды анықтау және қажет болған жағдайда жою тәсілдерін білу; орындалатын жұмыстардың, соның ішінде іргелес операциялар мен процестердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау; еңбекті қорғау ережелері мен нұсқаулықтарын, жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдерін сақтау; жұмыстарды орындау кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау; өрттің алдын алу және сөндіру, авариялар мен басқа да оқиғалардың салдарын болдырмау және жою ережелерін, тәсілдері мен құралдарын білу; зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері мен тәсілдерін білу; сорғылардың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының құрылысын және пайдалану ережелерін білу; крандардың, вентильдердің, клапандардың және басқа да арматуралардың мақсатын білу; құбыржолдардың сызбасын білу; зиянды және улы өнімдермен жұмыс істеу және олардың әсерінен қорғану ережелерін сақтау; жыл сайын кәсіби жарамдылық бойынша медициналық тексеруден өту; еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және радиациялық қауіпсіздік ережелерін сақтау; ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау; қажетті біліктілікті сақтау және кәсіби біліктілік деңгейін арттыру.

Білім:

Кәсіптік білім: техникалық және кәсіптік білім

Дағдылар:

Радиациялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін білу; Жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) жұмыс істей білу; Жабдықтарды, үй-жайларды, құрал-саймандарды және беттерді дезактивациялау әдістерін білу; Дезактивациялық ерітінділер мен жуғыш құралдарды пайдалана білу; Дозиметриялық жабдықпен жұмыс істей білу және радиоактивті ластану деңгейін бақылау; Радиоактивті қалдықтарды дұрыс жинау, сұрыптау және белгіленген тәртіппен тапсыру; Радиоактивті ластанған аймақтарда жұмыс істеу тәртібін сақтау; Дезактивациялауға арналған арнайы құралдар мен жабдықтарды пайдалана білу; Радиациялық авария кезінде немесе радиоактивті ластану деңгейі жоғарылаған жағдайда әрекет ету тәртібін білу; Қажетті құжаттар мен журналдарды жүргізу.

Қосымша:

.

Білетін тілдер:

Қазақ тілі,орыс тілі