Мұнай-газ активтері департаментінің директоры

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
3422

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  •  ПК-ның даму стратегиясының стратегиялық бағыттарын (инициативаларын) қалыптастыру және өзектендіруді қамтамасыз етеді, ПК қызметінің стратегиялық негізгі көрсеткіштері (КҚК) бойынша ұсыныстар әзірлейді
  • ПК-ның ынталандырушы негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді
  • ПК-ны басқаруға қатысады: акционердің/қатысушының мүдделерін акционерлердің жалпы жиналысында / қатысушылардың жалпы жиналысында ұсыну арқылы, сондай-ақ Қордың өкілі ретінде немесе Қордың өкіл(дер)і арқылы ПК Директорлар кеңесінде / Қадағалау кеңесінде, ДК комитеттерінде
  • ПК қызметінің тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді: әлеуетті, проблемалық мәселелерді айқындау және ПК қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу
  • ПК-ның елеулі инвестициялық жобаларына талдау жүргізеді және Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитетінде қаралатын мәселелер шеңберінде сараптамалық пікір қалыптастырады
  • ПК-ның қолданыстағы шетелдік инвесторлармен (бірлескен кәсіпорындар шеңберінде) өзара іс-қимылы бойынша ағымдағы мәселелерге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді
  • ПК қызметін қадағалау құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ өзге стейкхолдерлер бойынша ПК-мен, мемлекеттік органдармен, Қордың құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізуді қамтамасыз етеді

Талаптар:

  • Профильдік бағыттар бойынша жоғары білімнің болуы: іскерлік әкімшілендіру / қаржы / экономика / инвестицияларды басқару немесе менеджмент, корпоративтік басқару, стратегия және / немесе қаржы саласында расталған жұмыс тәжірибесі бар техникалық / инженерлік білім.
  • Стратегия, қаржы және / немесе жобаларды басқару саласында сертификаттың болуы құптарлық: SMP / IPMA / CFA / CFM / ACCA / CMA / CIMA немесе қызмет бағыттарына сәйкес өзге сертификаттар. (күдік)
  • Профильдік салаларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі – активтерді басқару / стратегия және бизнесті дамыту / инвестициялар / қаржы / экономика: ұлттық әл-ауқат қорының жетекші қорында және / немесе «Самұруқ-Қазына» АҚ компаниялар тобы.   Тәжірибе:   - әртүрлі түрдегі активтерді қамтитын ірі портфельдерді басқару;  - өндірістік / коммерциялық активтерді қайта құру, қайта ұйымдастыру бойынша жобаларды табысты басқару, атап айтқанда шығындарды оңтайландыру және капитал тиімділігін арттыру тәжірибесі;  - Қор іске асыратын жобаларға ұқсас ауқымды инвестициялық жобаларды инвестициялық жоспарлау және басқару;  - Қазақстандық және / немесе халықаралық компания(ларда) Директорлар кеңесінің Төрағасы / мүшесі және / немесе Қадағалау кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс істеу.
  • Кемінде 5 жыл басқарушылық тәжірибе: ірі холдингтік құрылымдарды басқару, кең ауқымды проблематикасы бар және басқарылатын ресурстарды үнемі оңтайландыру қажеттілігі туындайтын ірі кешенді жобаларды басқару саласында; ұлттық әл-ауқат қорының жетекші қорында және / немесе «Самұруқ-Қазына» АҚ компаниялар тобы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр