Газохимия жобаларын басқару басқармасының бас маманы (газохимия департаменті) (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
364

   Конкурс туралы

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) профиль бойынша білім: - инженерия және инженерлік іс (органикалық заттардың химиялық технологиясы/ мұнайхимия/ газхимия/ технологиялық машиналар мен жабдық)/ сәулет және құрылыс (өнеркәсіптік құрылыс). 

Қосымша: - тиісті кәсіби қызмет бейіні бойынша магистр дәрежесі (қалаулы); - бизнес және басқару магистрі немесе бизнес-администрлеу магистрі (MBA) (қалаулы).

Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: Жобаларды басқару саласындағы халықаралық біліктіліктің болуы: PMP/ PfMP/ IPMA/ PRINCE2 (қалаулы)

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

- кемінде 5 жыл мұнай-газ/ мұнай-газхимия/ мұнайхимия саласында мұнай-газ өңдеу жобаларын және/немесе мұнай-газхимия жобаларын және/немесе бизнесті дамыту саласында жобаларды іске асыруда жұмыс тәжірибесі және/немесе жобалық және ғылыми ұйымдарда жұмыс тәжірибесі және/немесе Қазақстан аумағында және/немесе халықаралық нарықта мұнай-газ саласындағы ірі ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесі;
- инвестициялық және капиталдық жобаларды басқару және сүйемелдеу, жобалау, құрылыс және өндірістік объектілерді пайдалануға енгізу тәжірибесі; - preFeasibility Study, Feasibility Study, FEED (Front End Engineering Design), Базалық жобаларды (PDP (Process Design Package), техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН), жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және сараптау тәжірибесі
- инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау және бюджеттеу тәжірибесі;
- мемлекеттік органдармен, мердігерлік ұйымдармен, инвесторлармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
- мұнай-газ өңдеу және мұнай-газхимия саласындағы өндірістік тәжірибе;
- мұнай-газ өңдеу және мұнай-газхимия саласындағы капиталдық және инфрақұрылымдық жобаларды басқару тәжірибесі;
- мұнай өңдеу немесе мұнай-газхимия саласындағы инфрақұрылымдық және капиталды көп қажет ететін жобалармен жұмыс тәжірибесі;
- жобаны концепция кезеңінен бастап пайдалануға енгізуге дейін басқару тәжірибесі, оның ішінде жобалау, сатып алу, құрылыс және операцияларды басқару (қалаулы).

Басқарушылық тәжірибе: КМГ немесе КМГ компаниялар тобы шеңберінде орындаушылар тобына басшылық жасау бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе келесі төменгі лауазымда кемінде 2 жыл өтіл.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:

- Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау, өнеркәсіптік, сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі, инвестициялық қызмет және корпоративтік басқару саласындағы заңнамасын білу;
- жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде инвестициялық және капиталдық жобаларды іске асыру процестерін білу; - жобаларды басқарудың халықаралық және салалық тәжірибелерін білу;
- preFeasibility Study, Feasibility Study, FEED (Front End Engineering Design), Базалық жобаларды (PDP (Process Design Package), ТЭН, ЖСҚ) әзірлеу және сараптау процестерін білу;
- жобалау, құрылыс, іске қосу-реттеу жұмыстары және объектілерді пайдалануға енгізу процестерін білу;
- мұнай-газхимия, мұнайхимия және мұнай-газ өңдеу технологияларын білу;
- инвестициялық талдаудың, қаржылық модельдеудің және жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттарын білу;
- ЕРС/ЕРСМ шарттарын дайындау және сүйемелдеу қағидаттарын білу;
- инвестициялық бағдарламалар мен бюджеттерді қалыптастыру және орындау процестерін білу (CAPEX/OPEX);
- жобалау саласындағы, алдыңғы қатарлы құралдар мен жобалық қызметтің үздік тәжірибелері бойынша білім және дағдылар;
- химиялық технология және/немесе құрылыс саласындағы білім және дағдылар;
- мұнай-газхимия және мұнай-газ өңдеу процестерін, технологиялық сызбаларды білу; 
- инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың және бағалаудың базалық әдістерін түсіну (NPV, IRR, DCF), тәуекелдерді басқару және рентабельділікті бағалау әдістерін түсіну;
- қаржылық талдау, бюджеттеу және шығындарды басқаруды, оның ішінде қаржылық ағындарды оңтайландыру әдістерін түсіну;
- мұнай-газ саласындағы баға белгілеудің ерекшелігін, мұнай мен газ құнына әсер ететін экономикалық факторларды және әлемдік нарықтардағы үрдістерді түсіну;
- капиталдық жобаларды басқару саласында тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару қағидаттарын түсіну;
- келіссөздер жүргізу, еңбек ұйымдастыру және іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдылары;
- қаржылық, техникалық және жобалық құжаттамамен жұмыс істеу үшін мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін меңгеру (B1 деңгейі: Intermediate) (қалаулы).

Функционалдық міндеттер:

1. Мұнай-газхимия саласындағы капиталдық жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын басқару, бақылау:
1.1. стратегиялық шешімдер/бағыттар нұсқаларын пысықтауды мониторингтеу, үйлестіру және талдау жүргізеді, жобалау кезеңінде жұмысты үйлестіреді, атап айтқанда техникалық тапсырмалар, жобалауға шарттар дайындау кезінде, preFeasibility Study, Feasibility Study, FEED (Front End Engineering Design), Базалық жобаларды (PDP (Process Design Package)), техникалық-экономикалық негіздемелерді (ТЭН), жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ), жұмыс құжаттамасын (Detail Engineering Design) әзірлеу кезінде;
1.2. ЕРС-шарттарды әзірлеу және жасасу кезінде, сатып алу шарттары, құрылыс-монтаж жұмыстарына шарттар жасасу кезінде, сондай-ақ техникалық шарттарды алу кезінде стратегиялық шешімдер/бағыттар нұсқаларын пысықтауды мониторингтеу, үйлестіру және талдау жүргізеді;
1.3. стратегиялық шешімдер/бағыттар нұсқаларын пысықтауды мониторингтеу, үйлестіру және талдау жүргізеді; жабдық пен материалдарды инспекциялау сатып алу кезінде, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде, атқарушы-техникалық құжаттаманы қалыптастыру кезінде, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде, объектілерді пайдалануға енгізу және жобалық қуатқа шығу кезінде қатысады.
2. Мұнай-газхимия мәселелері бойынша стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды үйлестіру, оның ішінде шикізатты жеткізу, энергетикалық ресурстарды бөлу, жер учаскелерін бөлу, шетелдік жұмыс күшін келісу, капиталдық жобалардың техникалық мәселелерін шешу және өзге де мәселелер:
2.1. КМГ ұсынысы/ұстанымдарын әзірлеу бойынша өзара іс-қимылды үйлестіреді және материалдарды талдайды, мемлекеттік органдармен, «Мемсараптама» РМК-мен өтетін кеңестерге қатысады;
2.2. КМГ ұсынысы/ұстанымдарын әзірлеу бойынша өзара іс-қимылды үйлестіреді және материалдарды талдайды, серіктестермен, шетелдік компаниялармен өтетін кеңестерге, келіссөздерге қатысады, оның ішінде шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды және өзге де құжаттарды жасасу кезінде;
2.3. КМГ өкілдері үшін «KMG PetroChem» ЖШС қатысушыларының Жалпы жиналысында және Кузетуші кеңесте қарау үшін КМГ ұстанымдарын дайындау кезінде материалдарды үйлестіреді және талдайды.
3. Бірлескен кәсіпорындар құру:
3.1. құзырет шегінде бірлескен кәсіпорындар құруға, активтерді қабылдау-беруге, оның ішінде сенімгерлік басқаруға, бейінді емес активтерді дивестициялауға қатысуды үйлестіреді.
4. Негізгі қызмет көрсеткіштерін (НҚК), «KMG PetroChem» ЖШС бизнес-жоспарларын, «KMG PetroChem» ЖШС бюджеттерін, капиталдық салымдар және жобалар бөлігіндегі инвестициялық бағдарламаларды, сондай-ақ «KMG PetroChem» ЖШС жарғылық капиталын толықтыруды қарастыру:
4.1. Негізгі қызмет көрсеткіштері, «KMG PetroChem» ЖШС бизнес-жоспарлары, «KMG PetroChem» ЖШС бюджеттері, капиталдық салымдар және жобалар бөлігіндегі инвестициялық бағдарламалар бойынша негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға қатысты ұсыныстарды үйлестіреді, талдайды, келіседі;
4.2. КМГ корпоративтік органдарының шешімдері негізінде «KMG PetroChem» ЖШС жарғылық капиталын толықтыруды талдайды, келіседі.
5. КМГ корпоративтік органдары және «Самұрық-Қазына» АҚ бойынша мәселелерді пысықтау, атап айтқанда Профильдік комитет, Инвестициялық комитет, Басқарма, Инвестициялық-стратегиялық комитет, Жоспарлау комитеті, Несие комитеті, Директорлар кеңесі:
5.1. жоғарыда аталған КМГ және «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік органдарына материалдарды шығаруды үйлестіреді, талдайды, келіседі;
6. Мемлекеттік органдарға, «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, үшінші ұйымдарға, ДЗО-ларға, КМГ басшылығына, КМГ корпоративтік органдарына есептіліктерді, хаттарды, презентациялық материалдарды, баяндамаларды, қорытындыларды басқару, бақылау, орындау:
6.1. мемлекеттік органдарға, «Самұрық-Қазына» АҚ-ға есептіліктерді (апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық), хаттарды, презентациялық материалдарды, хаттамаларды, қорытындыларды үйлестіреді, талдайды, келіседі; 6.2. үшінші ұйымдарға, ДЗО-ларға хаттарды, хаттамаларды үйлестіреді, келіседі; 6.3. КМГ басшылығына, КМГ корпоративтік органдарына, КМГ құрылымдық бөлімшелеріне презентациялық материалдарды, аналитикалық анықтамаларды, есептерді, хаттамаларды, баяндамаларды, тезистерді, қорытындыларды үйлестіреді, келіседі;
7. Мұнай-газ өңдеу және мұнай-газхимия саласындағы капиталдық жобаларды іске асырудың мақсаттылығын айқындауға арналған зерттеулерді ұйымдастыру және қатысу:
7.1. зерттеулер бойынша қорытындыны пысықтауды үйлестіреді, талдайды; капиталдық жобаларды іске асырудың мақсаттылығын айқындауға арналған зерттеулерге қатысады;
8. Мұнай-газ өңдеу, мұнай-газхимия процестері бойынша сараптамалық қорытындыларды дайындау:
8.1. мұнай-газ өңдеу, мұнай-газхимия процестері бойынша қорытындыларды үйлестіреді, талдайды және келіседі;
9. КМГ, Қазақстан Республикасы тарапынан мұнай-газхимия және құрылыс саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде құжаттарды үйлестіру, қарау, келісу, атап айтқанда КМГ Стратегиясы, Концепция, Жол карталары, Үкімет қаулылары, Заңдар, нормативтік-құқықтық актілер және өзге де құжаттар
9.1. қызмет бағыты бойынша КМГ Стратегиясын үйлестіреді, талдайды және келіседі;
9.2. Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарын, атап айтқанда Концепциялар, Жол карталары, Үкімет қаулылары, Заңдар, нормативтік-құқықтық актілер және өзге де құжаттарды үйлестіреді, талдайды және келіседі.
10 Бағынысты персоналды басқару:
10.1 бағынысты қызметкерлердің бизнес-мақсаттарға сәйкес мақсаттар/міндеттерін, саясаттарын, ережелерін орындау коммуникациясын үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;
10.2 бағыныстылардың қызметін үйлестіреді, персоналды дамытуға және басқарылатын командада өз бағыныстыларының еңбегін тұрақты арттыру және өнімділігін қолдау үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға және сақтауға бағытталған өнімді жұмыс ахуалын құруға ықпал етеді.
11 Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау:
- тәуекелдің орын алуына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Оған қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;
- тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді;
- кез келген жасалған немесе мүмкін болатын қателер/кемшіліктер туралы (олар әлеуетті залалға әкелген немесе әкелуі мүмкін), әлеуетті және жүзеге асырылған тәуекел оқиғалары туралы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес жауапты бөлімшені (ТБжІБ), өзінің тікелей басшысын уақтылы хабардар етеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр