**AУП бухгалтері**
«Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- жалақыны есептеу, демалыс төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық (аурухана) бойынша төлемдерді және өтемақыларды есептеу; демалыс резервтерін және КПД сыйақысын бақылау;
- салықтарды және міндетті төлемдерді есептеу және аудару;
- есеп беретін тұлғалармен жұмыс және аванстық есептерді тексеру (аванстық есептерді жүргізеді, қызметкерлерді іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес есеп беруге берілген ақшалай қаражаттың жұмсалуын тексереді. Норма шегіндегі және нормадан тыс шығындарды анықтау мақсатында);
- контрагенттермен жұмыс (жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен);
- Онлайнбанк жүйесінде төлемдерді жүргізу және оларды 1С-те көрсету (Онлайнбанк жүйесінде жүргізілетін барлық төлемдерді 1С базасында көрсетеді: кіріс және шығыс төлемдер, компанияның есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаты қалдығын дұрыс көрсету мақсатында салымдарды орналастыру);
- салықтық есептілікті 200.00 нысаны бойынша; 300.00; статистикалық есептілікті құрастыру және ұсыну;
- аудиторлармен жұмыс, мұрағаттық құжаттарды дайындау;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді (оларды архивке тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу);
- өз құзыреті шегінде тәуекелдер мен инциденттерді анықтау, бағалау жұмыстарын жүзеге асырады.
Талаптар:
- Жоғары білім («Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика») және мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
- Қазақстан Республикасының Кәсіби бухгалтер сертификатының міндетті болуы, ДИПифр дипломының болуы
- білімдері мен дағдылары:
- бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу бойынша ҚР заңнамасы;
- бухгалтерлік есеп стандарттары (ХҚЕС/МСФО), ҚР еңбек ақы төлеу бөлігіндегі салық заңнамасы, кассалық операцияларды жүргізу және есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу қағидалары;
- кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастыру және жүргізу саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері;
- салықтық және статистикалық есептіліктермен жұмыс тәжірибесі;
- коммуникативтік дағдылар;
- проблемаларды шешу дағдылары;
- жеке құзыреттер:
- коммуникабельділік;
- жауапкершілік;
- логикалық ойлау;
- командада жұмыс істей білу
- БҚ (ПО) білімі
- осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қолданбалы компьютерлік бағдарламалар: Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook);
- 1С:Кәсіпорын бағдарламасын білу (8.3 нұсқасы), «Салық төлеушінің кабинеті» жүйелері ИСНА, ИС СОНО, Онлайнбанк/Интернет-банкинг (дұрыс атауы/жазылуы күмәнді)
Шарттары:
- Жұмыс режимі 5/2
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру
Ұқсас вакансиялар
Орталық бухгалтерияның менеджері (негізгі қызметкер болмаған кезде уақытша бос орын)
«QazaqGaz Aimaq» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.09.2026 | 3309
Жобалар бойынша шығындарды бақылау маманы / Жобалардың қаржылық контроллері (Бас инженер) (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.08.2026 | 846
ТЧЭ-4 Бухгалтерлік есеп бөлімінің 2 санатты бухгалтері Мақат пайдалану локомотив депосы "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Атырау"
ТЧЭ-4 МАКАТСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау облысы
07.09.2026 | 97
367 791 - 380 741