Сатып алу жөніндегі менеджер

«Samruk-Green Energy» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
437

   Конкурс туралы

Сатып алу жөніндегі менеджер келесі функционалдық міндеттерді орындайды:

 

Міндеттері:

1)       Келісімдерге, еңбек шарттарына, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес өз қызметтік міндеттерін орындайды.

2)       Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды.

3)       Мәселелерді Қатысушының (Қатысушылардың) немесе Бақылау кеңесінің қарауына енгізу үшін материалдарды (түсіндірме жазбалар, шешім жобалары, растаушы құжаттар) дайындайды және оларды Қатысушының (Қатысушылардың) құрылымдық бөлімшелерімен әрі лауазымды тұлғаларымен келіседі.

4)       Өз жауапкершілік аясына жататын тәуекелдерді басқарады.

5)       Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу/жаңарту, қарау және бекіту жұмыстарын жүргізеді.

6)       Серіктестік қызметіне қатысты ақпарат пен деректердің құпиялылығын сақтайды.

7)       Өзіне бекітілген нормативтік құжаттардың, активтердің, тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

8)       Сатып алудың жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын дайындайды және оларға түзетулер енгізеді.

9)       Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесін ұйымдастырады.

10)     Сатып алу мәселелері бойынша есептерді ұсынады.

11)     Шарттар мен сатып алу жоспарына қатысты ақпаратты Қор белгілеген интернет-ресурстарда жариялайды.

12)     Компанияның бекітілген сатып алу жоспары негізінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесін ұйымдастырады.

13)     Компанияның сатып алу процесінің нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аталған процесті реттейтін Компанияның корпоративтік және ішкі құжаттарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.

14)     Тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі Серіктестіктің жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларына түзетулер енгізеді.

15)     Серіктестіктің тәуекелдер мен бақылау матрицасын әзірлеуге/жаңартуға қатысады.

16)     Корпоративтік басқару жүйесі (КБЖ) құжаттарын әзірлеуге, жаңартуға, енгізуге және жетілдіруге қатысады; қадағаланатын бизнес-процестер шеңберінде КБЖ талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиттерге арналған материалдарды дайындауға қатысады.

17)     Компаниядағы сатып алу процесіне тұрақты талдау жүргізеді.

18)     Сатып алуға қатысты мәселелер бойынша басқа ұйымдармен байланыс орнатады және ұстап тұрады.

19)     Компанияның сатып алу кестесіне сәйкес сатып алуды уақтылы жүзеге асырады.

20)     Техникалық сипаттамалар мен нарықтық бағаларға қатысты әлеуетті жеткізушілермен байланыс орнатады.

21)     Өз өкілеттіктері мен жүктелген міндеттері шеңберінде коммерциялық ұсыныстарды жинау үшін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті жеткізушілерімен өзара іс-қимыл жасайды.

22)     Сатып алуды басқару стандартының талаптарына және қызметкерге бекітілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) нақты санаттарына сәйкес, ТЖҚ-ны сатып алуға арналған шарттардың жобаларын және жеткізу шарттарын әзірлейді және үйлестіреді.

23)     Өз құзыреті мен жүктелген міндеттері шеңберінде Компанияның әкімшілік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ТЖҚ-ны сатып алуға арналған техникалық ерекшеліктерді әзірлейді.

24)     Өз құзыреті мен жүктелген міндеттері шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты кейіннен талдау және нарықты зерттеу жүргізу үшін коммерциялық ұсыныстарды жинайды.

25)     Өз құзыреті мен жүктелген міндеттері шеңберінде бекітілген Сатып алу жоспарының орындалуын, сондай-ақ төлемдердің уақтылы жүргізілуін тұрақты негізде бақылайды.

28)     Өзіне бекітілген шарттар бойынша шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалуына қатысты шарттар тізілімін жүргізеді.

29)     Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.

28)     Серіктестіктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттарды әзірлейді, келіседі және орындауға дайындайды.

29)     Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларына қатысты нарықтық зерттеулерді талдайды.

30)     Серіктестіктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шешімдерді дайындайды және келіседі.

31)     «Самұрық-Энерго» АҚ, «Samruk-Kazyna Contract» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Qazaq Green Power» PLC және басқа да ұйымдардың сұрауларына жауап ретінде ақпарат пен есептердің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

32)     Сатып алу мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Samruk-Energy» АҚ және «Qazaq Green Power PLC» компанияларымен ішкі және сыртқы деңгейде өзара іс-қимыл жасайды.

33)     Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына немесе осы лауазымдық нұсқаулыққа қайшы келмейтін жағдайда, тікелей басшының және Компания басшылығының өзге де нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Сатып алу жөніндегі менеджер лауазымына экономика немесе заң саласындағы жоғары кәсіби біліктілігі және кемінде бір жылдық кәсіби жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.

 

Шарттар:
Ресми жұмысқа орналастыру.

Медициналық сақтандыру.

Жалақы мөлшері әңгімелесу нәтижесі барысында белгіленеді.

 

Қажетті қабілеттер

  • Управляет рисками по курирующим вопросам