Есепші

«QazaqGaz Processing » ЖШС Ақсай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
168

   Конкурс туралы

Негізгі міндеттері

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес 2-жоба және ӘБҚ бойынша бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу.
  • Шаруашылық операциялардың есеп жүйесінде уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттарды өңдеу және тексеру.
  • Бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есептілікті дайындауға қатысу.
  • Капиталдық шығындардың (CAPEX) және операциялық шығыстардың (OPEX) есебін жүргізу, оның ішінде жоба бойынша шығындардың дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
  • 2-жоба және ӘБҚ бюджеттерін қалыптастыруға және олардың орындалуын бақылауға қатысу, нақты шығындар мен ауытқулар бойынша ақпарат дайындау.
  • Мердігерлермен, өнім берушілермен және басқа да контрагенттермен есеп айырысуларды, оның ішінде EPC/EPCM-шарттар бойынша операцияларды есепке алу.
  • Дебиторлық және кредиторлық берешекті бақылау, контрагенттермен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізу.
  • Есепті кезеңдерді жабуға және қажетті құжаттар мен талдамалық материалдарды дайындауға қатысу.
  • Түгендеу жүргізуге және негізгі құралдардың, аяқталмаған құрылыстың және жобаның басқа да активтерінің дұрыс есепке алынуын бақылауға қатысу.
  • Шаруашылық операцияларды дұрыс және уақтылы құжаттамалық рәсімдеуді қамтамасыз ету.
  • Сыртқы және ішкі аудитке қажетті құжаттар мен ақпаратты дайындауға қатысу.
  • Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
  • Бухгалтерлік есеп процестері мен ішкі қаржылық бақылауды жетілдіруге қатысу.

Біліктілік талаптары

Білімі

  • Бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім.
  • Бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы кәсіби біліктіліктің болуы артықшылық болып табылады.
  • ҚЕХС (IFRS), салықтық есеп немесе қаржылық менеджмент саласындағы қосымша білімнің болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесі

  • Бухгалтерлік есеп және қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу бойынша практикалық тәжірибе.
  • Бастапқы бухгалтерлік құжаттармен жұмыс және есептілікті дайындау тәжірибесі.
  • Өнім берушілермен, мердігерлермен және басқа да контрагенттермен есеп айырысуларды жүргізу тәжірибесі.
  • Негізгі құралдар, капиталдық салымдар және аяқталмаған құрылыс есебін жүргізу тәжірибесі.
  • CAPEX және OPEX-пен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  • Ірі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, мұнай-газ немесе капиталды көп қажет ететін жобаларда жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  • EPC/EPCM-мердігерлермен және ірі корпоративтік контрагенттермен өзара іс-қимыл тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  • Сыртқы және ішкі аудиттен өту тәжірибесі артықшылық болып табылады.
  • ГӨЗ, МӨЗ, мұнай-химия немесе басқа да ірі өнеркәсіптік объектілерді салу жобаларында жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады.

Кәсіби білім

Кандидаттың келесі бағыттар бойынша білімі болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және салық заңнамасы;
  • бухгалтерлік және салықтық есепті ұйымдастыру қағидаттары;
  • ҚЕХС (IFRS) және қаржылық есептілікті дайындау қағидаттары;
  • CAPEX, OPEX, негізгі құралдар және аяқталмаған құрылыс есебін жүргізу тәртібі;
  • инвестициялық жобаларды есепке алу қағидаттары;
  • есепті кезеңдерді жабу процестері;
  • түгендеу жүргізу тәртібі;
  • бастапқы бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу және тексеру қағидалары;
  • контрагенттермен есеп айырысуларды есепке алу қағидаттары;
  • бюджеттеу және қаржылық бақылау негіздері;
  • қаржылық талдау және шығындарды бақылау қағидаттары;
  • ішкі қаржылық бақылауға қойылатын талаптар;
  • аудиторлық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі

  • Microsoft Excel — жоғары деңгей.
  • SAP FI/CO немесе ұқсас ERP-жүйелері — міндетті.
  •  — міндетті.
  • SAP PS немесе жобаларды басқарудың ұқсас модульдерін білу — артықшылық.
  • Microsoft Power BI — қалаулы.
  • Microsoft Office.

Тілдерді білуі

  • Қазақ тілі — еркін меңгеруі.
  • Орыс тілі — еркін меңгеруі.
  • Ағылшын тілі — Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес; ағылшын тіліндегі қаржылық және шарттық құжаттамамен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады.

Жеке және кәсіби қасиеттері

  • Жауапкершілік және егжей-тегжейге мұқияттылық.
  • Аналитикалық және жүйелі ойлау қабілеті.
  • Қаржылық құжаттармен жұмыс істеу кезінде жоғары дәлдік пен ұқыптылық.
  • Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу.
  • Қысқа мерзімдер жағдайында жұмыс істей білу.
  • Әріптестермен және контрагенттермен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдылары.
  • Өз жауапкершілік саласы шеңберінде жұмысты өз бетінше ұйымдастыра білу.
  • Нәтижеге бағдарлану және белгіленген мерзімдерді сақтау.

Артықшылық болып табылады

  • Мұнай-газ саласындағы құны 500 млн АҚШ долларынан асатын ірі инвестициялық жобаларда жұмыс тәжірибесі.
  • ГӨЗ, МӨЗ, мұнай-химия және басқа да ірі өнеркәсіптік объектілердің құрылысын бухгалтерлік сүйемелдеу тәжірибесі.
  • Халықаралық EPC/EPCM-компанияларда немесе Тапсырыс беруші тарапында жұмыс тәжірибесі.
  • Қаржылық есеп жүргізудің және капиталды жобаларды сүйемелдеудің халықаралық тәжірибесін білу.
  • ACCA, DipIFR, CPA, CIMA, CFA немесе оларға ұқсас кәсіби сертификаттардың болуы.
  • Компания басшылығына арналған материалдарды дайындауға қатысу тәжірибесі.