Сату және корпоративтік бизнес департаментінің бас маманы
«Ауыл Телеком» ЖШС Астана қ.Міндеттері:
-
Компания қызметтерін ілгерілету және белсенді сату (соның ішінде FWA/4G қызметі, Интернет GPON, пакеттік шешімдер) елді мекендерде;
- Потенциалды клиенттерге қоңырау шалу, компания қызметтері бойынша консультация беру;
- Қосылуға өтінімдерді рәсімдеу, қызмет іске қосылғанға дейін клиентті сүйемелдеу;
- Абоненттік нөмірлерді мобильді желіде тіркеу, жабдық жұмысының дұрыстығын тексеру;
- Клиенттерге жабдық пен қызметтерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру;
- Сату бойынша есептілікті жүргізу;
- CRM-де қосылуға өтінімдер жасау;
Жеке сату жоспарларын және белгіленген KPI-ларды орындау;
- Компанияның техникалық және сабақтас бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- Клиенттерден кері байланыс жинау және қызметтерді жақсарту бойынша ұсыныстарды жеткізу.
Талаптар:
- Орта арнаулы немесе жоғары білім (қалаулы: сату, маркетинг, телекоммуникациялар)
- Сату немесе клиенттерге қызмет көрсету саласында жұмыс тәжірибесі – 1 жылдан бастап (қалаулы: телеком саласында)
-
MS Office (Excel, Word) - сенімді деңгей
Қажетті кәсіби білімдер мен дағдылар
(нені білуі, нені істей алуы тиіс)
Белсенді сату және клиенттерге кеңес беру дағдылары;
- Клиенттік жабдықпен жұмыс істей білу (4G/LTE қолжеткізу нүктелері);
- Жабдықты баптау, прошивка жасау және бастапқы диагностика жүргізу дағдылары;
- Мобильді желілердің жұмыс істеу қағидаттарын түсіну (4G/LTE), оптика арқылы Интернет қызметтері;
- Есептілікті жүргізу дағдылары;
- CRM-мен жұмыс істеу дағдылары
- Қарсылықтармен жұмыс істей білу және нәтижеге бағытталу.
Қажетті жеке құзыреттердің сипаттамасыКоммуникабельділік және клиентке бағдарлану;
- Тәуелсіздік және жауапкершілік;
- Жұмыстың жолсапарлық (разъездной) сипатымен және ҚР бойынша жиі іссапарларға дайын болу
- Стресске төзімділік;
- Сату жоспарларын орындауға бағытталу.
Ескерту:
Сандық көрсеткіштер (бағдар): күніне 20 абонентке сату
Шарттары:
- Еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмыспен қамту;
- Жалақыны уақытылы төлеу;
- Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек;
- Корпоративтік және жеке қызмет қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша тоқсандық және жылдық сыйлықақы төлеу (КПД).
Қажетті қабілеттер
- навыки работы в команде, лидерство и коммуникативность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар