Жобалау құжаттамасының нормалық бақылауы жөніндегі жетекші эксперт
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.Міндеттері:
-
Жобалаудың барлық кезеңдерінде жобалық және жұмыс құжаттамасына нормативтік бақылау (нормоконтроль) жүргізу.
-
Жобалық шешімдердің ҚР қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарына (НТҚ) сәйкестігін тексеру.
-
Құжаттаманың жинақтылығы мен құрамын тексеру.
-
Сызбалар мен мәтіндік құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау.
-
Нормативтік құжаттарға сілтемелердің дұрыстығын және қолданылатын нормалардың өзектілігін тексеру.
-
Жоба бөлімдері арасындағы сәйкессіздіктер мен коллизияларды анықтау.
-
Ескертулерді қалыптастыру және олардың жойылуын бақылау.
-
Жобаларды сараптамадан өткізуге дайындауға қатысу.
-
Жобалаушыларға нормативтік талаптарды қолдану бойынша консультациялық қолдау көрсету.
-
Тапсырыс берушіге/сараптамаға тапсырар алдында шығарылатын жобалық құжаттаманың сапасын бақылау.
Талаптар:
-
Жобалау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, 7 жылдан асуы артықшылық болып табылады.
-
Жобалау ұйымдарында инженер, жетекші инженер, нормативтік бақылау бойынша сарапшы лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі.
-
Өнеркәсіптік құрылыс объектілері бойынша жобалық және жұмыс құжаттамасын тексерудің практикалық тәжірибесі.
-
Құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуге дайындау тәжірибесі.
-
Мұнай-газ кешенінің өнеркәсіптік объектілерімен жұмыс тәжірибесі.
-
Текнологиялық қондырғыларды, инженерлік желілерді, электрмен жабдықтауды, БӨАжА (КИПиА), құрылыс конструкцияларын жобалау ерекшеліктерін білу.
-
Ж, ЖЖ және ЖҚ (П, РП, РД) кезеңдеріндегі құжаттамаға қойылатын талаптарды білу.
-
AutoCAD/аналогтық жүйелерді және офистік бағдарламаларды сенімді меңгеру.
- Детальдарға жоғары зейінділік және жүйелі ойлау қабілеті. Жобалық құжаттаманың үлкен көлемімен және тығыз мерзімде жұмыс істеу қабілеті.
Шарттары:
- Атырау қ.
- 5/2 жұмыс кестесі
Ұқсас вакансиялар