Мемлекеттік органдардағы ДУП уәкілетті өкілі
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) «Қазақтелеком» АҚ Бас кеңсесінің Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментімен байланыс саласындағы уәкілетті органның сұрау салуларына жауаптарды дайындау бөлігінде өзара іс-қимыл жасау (Қазақстан Республикасының «Өнеркәсіптік жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі» тұлғасында) 2) Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділік қызметтерін дамыту бойынша уәкілетті орган бастамашылық ететін жұмыс топтарына, комитеттерге және кеңестерге қатысу; 3) өз құзыреті шегінде әмбебап қызмет көрсету тетігін сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; 4) әмбебап байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемдері мен сапасы бойынша деректерді дайындау, шоғырландыру және жіберу кезінде ДРБ және ОДС бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау; 5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардағы өкілдік сегментінде операциялық бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау және даму жоспары бойынша жұмыстарға қатысу; 6) «Өнімдерді дамыту және енгізу департаментімен» бірлесіп бөлшек бизнес сегментінде әмбебап байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді әзірлеу және бекіту бөлігінде тарифтік саясатты қалыптастыруға қатысу; 7) еңбек үшін қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуін бақылауды уақтылы жүзеге асыру; 8) ДУП іске асыратын стратегиялық жобаларға қатысу; 9) стратегиялық жобаларды іске асыру бөлігінде БКВ орындауға қатысу; 10) стратегиялық жобаларды іске асыру барысында ГО-мен өзара іс-қимыл жасау; 11) Қоғамның нормативтік-реттеуші құжаттарының талаптарын (бөлімшенің қызметі саласында) уақтылы және дәл орындау; 12) ДУП басшылығының нұсқауларын, өкімдерін және қосымша тапсырмаларын орындау; 13) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; 14) өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиетті өз бетінше оқу арқылы біліктілікті арттыру; 15) еңбек қызметі процесінде белгілі болған кез келген мәліметтерді (оның ішінде құжаттарды), мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияға жататын мәліметтерді сақтау; 16) еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтау және орындау; 17) ИСМ талаптарын орындау, сәйкессіздіктердің себептерін жою мақсатында ескерту әрекеттерін жасау және түзетуші әрекеттерді орындау; 18) ішкі бақылау жүйесі және процестік басқару шеңберінде: Қоғамның ішкі саясаттарында, рәсімдерінде және тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларында регламенттелген ішкі бақылауларды орындау.Талаптар:
Жоғары экономикалық/техникалық білім және телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық тәжірибесі кемінде 2 жыл.Шарттар:
Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс; ҚР ЕК сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
Жалақыны уақтылы төлеу;
Жақсы әлеуметтік пакет;
Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн;
Еңбек демалысына материалдық көмек;
Кәсіби және мансаптық даму мүмкіндігі