Қойма меңгерушісі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
20

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

       тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату бойынша қойма жұмысына басшылық етеді, оларды қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды ескере отырып орналастырады, қажетті материалдарды, мүлікті (инвентарьді) іздеуді жеңілдетеді және жеделдетеді;

       қоймада сақталатын тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің сақталуын, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру тәртібін қамтамасыз етеді;

       өртке қарсы құралдардың бар-жоғын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтың және мүліктің (инвентарьдің) жай-күйін қадағалайды және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді;

       қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға, тәртіпке және нұсқаулықтарға сәйкес ұйымдастырады;

       тиеу-түсіру реквизитін (құрал-жабдық/жабдықтау бөлшектерін) жинауды, сақтауды және жеткізушілерге уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді;

       тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысады;

       қойма операцияларын есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді бақылайды;

       жұмыста салықтық есептілік пен бухгалтерлік есептің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдаланады;

       қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды қысқарту, ұйымның қойма шаруашылығына қазіргі заманғы есептеу техникасын, коммуникациялар мен байланысты енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша тәртіптің орындалуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:

       қойма шаруашатын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және әдістемелік материалдарды;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі стандарттарды және техникалық шарттарды;

      тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлерін, өлшемдерін, маркаларын, сорттылығын және өзге де сапалық сипаттамаларын және олардың шығын нормаларын;

       тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау тәртібін, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды;

       жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма үй-жайлары мен жабдықты жалға беру жөніндегі шарттардың талаптарын;

       көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібін;

       есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалану тәртібін;

       отандық және шетелдік озық тәжірибені;

      экономика негіздерін, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды;

      еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман