"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы БАҚ-пен жұмыс департаменті директорының орынбасары

Жалақы көрсетілмеген
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
63

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) және әлеуметтік желілерде жариялауды, Компанияның оң имиджін арттыру мақсатында өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
    Компания қызметіне қатысты ақпараттық-талдамалық материалдарды, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының БАҚ-тағы баспасөз хабарламаларын, сұхбаттарын және сөйлейтін сөздерін сапалы дайындауды және уақтылы ұсынуды ұйымдастырады.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының басшылығы өткізетін кеңестерге Компания қызметін толық әрі құзыретті түрде жариялау мақсатында қатысады;
  • Компанияның қоғаммен байланыс саласындағы жергілікті актілерін, оның ішінде Компанияның ақпараттық саясатын, медиа-жоспарларын әзірлеуді/өзектендіруді және бекітуді ұйымдастырады, сондай-ақ олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Компанияның қызметі туралы бейне және фотоматериалдар мұрағатын қалыптастыру, ақпараттық материалдар базасын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Компанияның корпоративтік веб-сайтының жұмыс істеуін, оның ішінде Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары ұсынған ақпараттық материалдарды жинауды және орналастыруды, олардың өзектілігін, дизайнын, сондай-ақ кері байланысты жедел ұсынуды ұйымдастырады;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін жариялау мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен байланысты қолдайды. БАҚ өкілдеріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі туралы материалдар дайындау кезінде көмек көрсетеді, БАҚ сауалдарына жауаптарды дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Ақпарат мониторингінің қорытындылары бойынша Компанияның ақпараттық кеңістіктегі аталымдары туралы есеп қалыптастырады. Ақпараттық кеңістіктің жай-күйін талдайды және оның өзгерістерін болжайды;
  • Компанияның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын SMM арқылы ілгерілету, жедел ақпаратты орналастыру, сауалдар мен пікірлерге жауап беру, репутациялық тәуекелдерді төмендету мақсатында әлеуметтік желілер пайдаланушыларының теріс пікірлеріне ден қою жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
  • Компания қызметі туралы имидждік фильмдер мен бейнероликтердің тұжырымдамасын әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларды шығаруды ұйымдастырады. Бейнематериалдар шығару жоспарын қалыптастырады;
  • Әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына (Департамент өкілі ретінде посттар, пікірлер жазуға) қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: «Журналистика»; «Жұртшылықпен байланыс»; «Менеджмент»; «Филология»; «Экономика»; «Маркетинг»; «Қаржы».
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр