Өндірістік-техникалық департаментінің бас маманы (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.Міндеттері:
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан газды өткізуге байланысты техникалық мәселелерді қарау;
- Газ саласына қатысты Қазақстан Республикасының жоспарланатын нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуді және қарауды қоса алғанда, нормашығармашылық қызметке қатысу, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на газ өткізуіне байланысты техникалық мәселелерді нормативтік реттеу үшін қажетті актілерді қарау;
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну, су алу, су бұру және су тұтыну жөніндегі жиынтық есепті дайындау;
- Газ саласындағы стандарттарды (оның ішінде кәсіптік стандарттарды, біліктіліктің салалық шеңберлерін) әзірлеу, өзектендіру немесе күшін жою жөнінде ұсыныстарды қарау және қалыптастыру;
- Газ тасымалдау жүйесінің объектілерін дамыту/жаңғырту, реконструкциялау жөніндегі ұсыныстарды қарау және қалыптастыру, оның ішінде жобаны іске асырудың белгілі бір өмірлік цикліне және одан кейінгі іске асырылу мониторингіне көшу туралы шешімдер қабылдау кезінде аталған жобаларды корпоративтік органдарда сүйемелдеуге жәрдемдесу;
- Қажеттілігі мен сұранысына қарай «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының күрделі салымдар мен өндірістік шығындар (өндірістік өзіндік құн) бойынша бизнес-жоспарларын қарау;
- Әртүрлі техникалық кеңестерге қатысу, мерзімді талдамалық және презентациялық материалдарды, сондай-ақ өзге де анықтамалық ақпаратты дайындау, сондай-ақ Өндірістік-техникалық департаменттің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған және бақылаушы ұйымдарға хаттар дайындау, оның ішінде «e-Otinish» порталы арқылы келіп түсетін өтініштерге жауаптар дайындау.
Талаптар:
- Жоғары техникалық кәсіптік білім, мұнай-газ саласы немесе сабақтас бағыттар бойынша.
- Мұнай-газ саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- магистральдық және кәсіпаралық газ құбырларын, түрлі жобалардағы инженерлік желілерді салу саласында;
- магистральдық газ құбырларын/компрессорлық станцияларды пайдалануда
Қосымша талаптар:
Мұнай-газ құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын пайдалану бағыты бойынша бейінді білімінің, сондай-ақ мұнай-газ компанияларының корпоративтік орталықтарында (соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында) жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.
Оның ішінде мынадай жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады:
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның ДЗҰ-ларында магистральдық газ құбырларын, компрессорлық және газ тарату станцияларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық диагностикалауға байланысты инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеу;
- магистральдық газ құбырлары объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
- магистральдық газ құбырлары объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және операциялық сенімділік саласында ішкі корпоративтік регламенттерді, стандарттар мен технологиялық карталарды әзірлеу және өзектендіру;
- техникалық шешімдерді қорғау және мемлекеттік техникалық және өнеркәсіптік қадағалау органдарының тексерулерінен табысты өту тәжірибесі (объектілерді өнеркәсіптік пайдалануға беру, рұқсат құжаттарын алу және т.б.).
Кандидат «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының капиталдандыруына және стратегиялық мақсаттарына әсер ететін операциялық және техникалық тәуекелдерді бағалау дағдыларына ие болуы тиіс.
ДЗҰ-ларға кешенді тексерулер жүргізу, өндірістік қызмет тәуекелдерін бағалау, техникалық шешімдердің тиімділігін және корпоративтік саясаттардың сақталуын талдау тәжірибесі.
Мемлекеттік уәкілетті реттеуші органдармен функционаларалық өзара іс-қимыл жасау дағдыларының болуы.
Мемлекеттік салалық нормалар мен стандарттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды білу.
Ресми іскерлік хат-хабар жүргізу үшін мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Шарттар:
- ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
- Сынақ мерзімі - 3 ай.
- Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар