Сапаны бақылау бөлімінің сарапшысы (СФ)
«Қазақтелеком» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) ОКК бастығының тапсырмасы бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне қатысты жоспарлы және жоспардан тыс бақылау іс-шараларын жүргізу;2) бақылау іс-шарасын орындау: тексеру бағдарламасын дайындау, құжаттар мен материалдарды жинау және талдау, объектілер мен үй-жайларды қарауды жүргізу, нәтижелерді ресімдеу;
3) тексерулер нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың жобаларын дайындау (сұрау салулар, анықтамалар, қорытындылар, нұсқамалар) — кейіннен оларды ОКК бастығы қарауы және қол қоюы үшін;
4) тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және жазбаша түсіндірмелерді құрылымдық бөлімшелерден талап ету, олардың жасалған мерзіміне және сақталатын орнына қарамастан;
5) бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша талдамалық жұмыс жүргізу: тексерулер барысында алынған деректер негізінде құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі жүйелік тәуекелдер мен сәйкессіздіктерге қатысты талдамалық тұжырымдар, жинақтаулар және бағалауларды қалыптастыру, оның ішінде мүлікті басқару, қойма есебі және шарттық міндеттемелердің орындалу саласында;
6) ОКК мамандары жүргізген бақылау іс-шараларының жиынтық нәтижелері бойынша жүйелік тәуекелдерді және қайталанатын сәйкессіздіктерді анықтау;
7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін факторларды анықтау; оларды жою және процестердің ашықтығын арттыру бойынша талдамалық негізделген ұсыныстар дайындау;
8) түзетуші іс-шаралардың және ОКК нұсқамаларының орындалуы бойынша қайталама бақылау іс-шараларын жүргізу; олардың қорытындылары бойынша қорытындылау жобаларын дайындау;
9) құрылымдық бөлімшелердің ОКК нұсқамалары мен ұсынымдарының орындалуын мониторингтеу; орындалмаған фактілерді тіркеу;
10) ОКК бастығының тапсырмасы бойынша — бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде ОКК мамандарына қолданылатын бақылау әдістері мен стандарттарын түсіндіру;
11) ОКК бақылау қызметінің критерийлерін, стандарттарын және әдістемесін әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
12) ОКК қызметінде бақылау, мониторинг және аналитика үшін цифрлық құралдарды әзірлеуге және енгізуге қатысу.
Талаптар:
- жоғары білім- қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл
Ұқсас вакансиялар
"KEGOC" АҚ "Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының Оңтүстік өңірлік орталығы телекоммуникациялар тобының магистральдық байланыс желілері секторының инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
22.10.2026 | 185
Жалақы көрсетілмеген
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сапаны бақылау жөніндегі жетекші инженер
ЖШС «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
23.10.2026 | 878
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалы Ақмола өңірлік орталығы телекоммуникациялар тобы магистральдық байланыс желілері секторының инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
23.10.2026 | 223
Жалақы көрсетілмеген