локомотив бригадаларың жасақшысы

от 161 935
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
102

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Қызметтік әрекетте әдептілік, сенімділік, кәсібилік танытып, мүдделі тұлғаларға және қоғамға құрметпен қарай отырып жұмысты орындау.
 Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу, қауіпсіздік режиміне байланысты ережелер мен процедураларды сақтау.
 «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ» ЖШС бекіткен іскерлік әдеп пен корпоративтік мәдениетті, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және корпоративтік киім нысанына қойылатын талаптарды сақтау.
Мүдделер қақтығысына жол бермей, Компания мүддесі үшін кәсіби міндеттерін адал және вижданды түрде орындау.
Жұмыс орнында еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына сәйкес локомотив бригадаларының еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау.
Локомотив бригадаларының рейс алдындағы және рейс соңындағы медициналық куәландырудан уақытылы өтуін ұйымдастыру және бақылау.
(Фотосуретте жоқ.)
Локомотивтер мен машинист көмекшілерінің «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының жергілікті актісіне сәйкес локомотивтерге бекітілуінің қатаң сақталуын бақылау.
 № 1760-ЦЗ Бұйрығына сәйкес Машинистердің ТУ-3 ВЦЕ және ТУ-3а ВЦ бағыт парақтарының дұрыс толтырылуын бақылау.
Локомотив бригадаларының жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тиімсіз пайдаланылуын есепке алуды жүргізу.
Локомотив бригадаларының жұмыс уақытын реттеу және бақылау, еңбек режимін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу.
Локомотив бригадаларына қызмет көрсету учаскелері бойынша шаруашылық поездарының қозғалысын есепке алуды жүргізу.
Филиал басшысы үшін күнделікті, айлық мәліметтерді және қажетті құжаттаманы дайындау.
 Деректерді ЭДТ АЖ (АСУ ЭДТ) бағдарламасына уақытылы әрі дұрыс енгізу.
 Депо бастығының (соның ішінде локомотив бригадалары резерві бастығының) тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және анықталған бұзушылықтар туралы белгіленген тәртіппен басшылыққа хабарлау.
Тәуліктік жоспарға және бағыттар графигіне, сондай-ақ наряд-графикке сәйкес локомотив бригадаларының жұмысын қамтамасыз ету

Біліктілік талаптары:

Білімі : орта ( техникалық және кәсіптік)
Мамандыдығы: темір жолдарың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және  техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қосымша талаптар:

Локомотив бригадаларының жұмыс уақыты мен демалысының ұзақтығын реттеу.
Локомотив бригадаларының жұмысқа уақытылы шығуын, сондай-ақ қажетті шаруашылық және қосымша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету.
 Жолаушылар поездарының қозғалыс графигі мен маневрлік жұмыстар өзгерген кезде белгілеген тәртіппен жұмысты ұйымдастару туралы шешімдер қабылдау.
Қызметтік міндеттерді орындау кезінде орындалатын жұмыстар

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж