Техникалық сарапшы
1 000 257 - 1 000 257 KZT
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
14.09.2026
- Берілген өтінім:
- 54
- Қаралған саны:
- 1231
Міндеттері:
ТОРО және күрделі жөндеу процестерін стратегиялық жоспарлау және жетілдіру, мердігерлік жұмыстардың сапасын және жабдықтың жарамдылығын бақылау, күрделі инциденттер кезінде техникалық сараптама мен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып зауыттың бөлімшелері мен басшылығына консультациялық қолдау көрсету. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдіру саясатын әзірлеуге қатысу (оның ішінде регламенттер мен нормативтік құқықтық актілер). Зерттелетін мәселелер бойынша негізделген және объективті сараптамалық қорытынды дайындау, жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, өздерінің арнайы білімдеріне негізделген, теорияға және көпжылдық тәжірибеге сүйену. Жабдықтың қолданыстағы паркінің ақаусыз жұмыс күйін қолдау үшін уақытылы, сапалы жөндеу және техникалық қызмет көрсету арқылы консультациялық көмек көрсету. Өзінің мамандығы бойынша өзге бөлімшелердің қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсету. Ұйым кездесетін ең күрделі және күнделікті емес техникалық мәселелерді шешуге көмектесу. Тікелей басшының өзіне кәсіби қызметіне байланысты тапсырмасын орындау.Талаптар:
- Білім беру (жоғары, мамандық/біліктілік): Жоғары техникалық білім
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 15 жыл
- Кәсіби білімдер мен дағдылар: Мұнай өңдеу технологияларын білу, мұнай өңдеудегі ҚР нормативтік-құқықтық базасын білу, «АНПЗ» ЖШС-тің құрылымы мен өндірістік қуаттарын білу, еңбек заңнамасын, сондай-ақ Еңбекті қорғау және БиОТ нормаларын және ИСМ стандарттарын (ISO 9001, 14001, 45001, 50001) білу. Негізгі дағдылар перспективалы өндірістік жобаларды іріктеуді, мердігерлік ұйымдармен келіссөздер жүргізуді, деректерге кешенді талдау жасауды және қысқа-, орта- және ұзақ мерзімдерге арналған жоспарлауды көлденең (сквозное) ұйымдастыруды қамтиды.
- Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеудің негіздерін білу, кәсіпорын стандарттарын, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді, экономиканы және мұнай өңдеу саласын дамытудың басым бағыттарын айқындайтын республикалық және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының қаулыларын; кәсіпорынның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктерін; саланың және кәсіпорын бизнес-жоспарының техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын; кәсіпорынның өндірістік қуаттарын; кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі жоспарларын жасау және келісу тәртібін; кәсіпорынды жүргізу және басқару әдістерін; еңбек заңнамасының негіздерін; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын білу.
- Кандидаттың ерекше дағдылары: перспективалы жобаларды іріктеу, ақпаратты талдау, мердігерлік ұйымдармен келіссөздер жүргізу; қысқа-, орта-, ұзақ мерзімді жоспарлаудың бизнес-үдерісін ұйымдастыру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Бас маман (полимерлерді қайта өңдеу технологиясы және техникалық сүйемелдеу жөніндегі)
ЖШС «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
21.10.2026 | 411
Жетекші инженер-эколог, Жобалау-конструкторлық орталық
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
20.10.2026 | 555
712 000 - 712 000 KZT
Химиялық талдау зертханашысы 4-разряд, мұнай және мұнай өнімдерін іріктеу учаскесі
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
19.10.2026 | 1508
337 453 - 420 000 KZT