Қорлар аудиті секторының аға инженері — Геология және барлау департаменті Ресурстық база басқармасы (Бас геолог, негізгі қызметкер болмаған кезеңге)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білімге қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Инженерлік, өндірістік және өңдеу салалары (Пайдалы қазбалар кенорындарын геология және барлау/ геофизика/ мұнай-газ ісі/ мұнай және газ геологиясы/ мұнай және газ кенорындарын әзірлеу және пайдалану/ тау-кен ісі).
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес кәсіби салада немесе салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
• мұнай-газ саласында кемінде 3 жыл, оның ішінде КМГ компаниялар тобының ДЗО-да кемінде 1 жыл (қалаулы) немесе кенорындардың геологиясы және әзірлеу саласындағы компанияларда;
• жылдық өндірістік бағдарламаларды, бизнес-жоспарларды қоса алғанда, материалдарды жинау, жүйелеу және талдау бойынша тәжірибе;
• өндірістік бағдарламаны және/немесе геологиялық барлау жұмыстарының көлемдерін жоспарлау бойынша тәжірибе;
• іздеу-барлау, бағалау жұмыстары және қорларды есептеу/қайта есептеу/өсіру бойынша есептер, сондай-ақ әзірлеу бойынша жобалық құжаттамалар бөлігіндегі жобалық құжаттамаларға арналған техникалық спецификацияларды/геологиялық тапсырмаларды әзірлеу бойынша тәжірибе.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер мен дағдылар:
мұнай-газ саласындағы заңнама саласындағы білім (ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі және «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай ережелер»);
мұнай және газ кенорындарының геологиясы саласындағы білім;
АЖҚ (УВС) қорларын есептеу/қайта есептеу мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттама саласындағы білім және жедел қорларды есептеу бойынша есептермен, сондай-ақ көмірсутек қорларын есептеу және қайта есептеу бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі;
мұнай, газ, мұнай-газ конденсатты кенорындарын әзірлеу технологиясы бойынша теориялық білім және көмірсутек кенорындарын барлау және қосымша барлау жобаларымен практикалық жұмыс тәжірибесі;
мұнай мен газдың перспективалы ресурстары мен қорларын есептеу бойынша білім;
SPE-PRMS халықаралық стандарты бойынша қорларға аудит жүргізу саласындағы білім;
геологиялық және гидродинамикалық модельдеу саласындағы білім (қалаулы);
пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну қағидалары саласындағы білім;
жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша түпкілікті есеп нысандары саласындағы білім;
жер қойнауын пайдалану саласындағы ҚР заңнамасы туралы білім;
УВС қорлары/ресурстары және геологиялық деректер базасын қалыптастыру дағдылары, УВС қорларының өсімінің болжамдық көрсеткіштерін талдау және бағалау үшін;
кеңсе компьютерлік бағдарламаларын пайдалану дағдылары;
ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары;
өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білім;
ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 27001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген интеграцияланған басқару жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік және олардың ішкі аудиті саласындағы білім;
мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін кемінде В1 деңгейінде меңгеру: intermediate (орташа) (қалаулы).
Функционалдық міндеттер:
УВС қорларының қозғалысын консолидациялау және мониторингтеу
1.1. ҚР стандарттары бойынша УВС қорлары бойынша консолидацияланған ақпаратты дайындау
1.1.1. УВС қорлары балансы бойынша есептің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады және ДЗО-да (6-ГР нысаны) орындалудың дұрыстығын (сенімділігін) тексеруді қамтамасыз етеді және «Запказнедра» және «Южказнедра» өңіраралық департаменттеріне уақтылы ұсынуды бақылайды;
1.1.2. ДЗО бойынша УВС қорлары балансы (6-ГР нысаны) туралы есептер негізінде қорлардың қозғалысын ескере отырып, қорларды талдау және өсіруді (факт/болжам) жүргізу мақсатында КМГ бойынша тұтастай және ДЗО бөлінісінде қорлар бойынша ақпаратты жинақтайды;
1.1.3. УВС қорларының қозғалысын талдау мақсатында, әрі қарай КМГ Даму стратегиясын мониторингтеу/жоспарлау/өзектендіру кезінде есепке алу үшін кенорындар бойынша/барлау жобалары бойынша қорлар/ресурстарды бағалау нәтижелерін ұсынады;
1.1.4. есептік күнге «КМГ активтерінің УВС консолидацияланған қорлары» есебін дайындау кезінде УВС қорларының қозғалысы бойынша дұрыс деректерді ұсынуға жауап береді;
1.1.5. КМГ УВС қорлары бойынша деректерді қалыптастырады, оның ішінде КМГ тобына кіретін активтер бойынша, өзара байланысты құрылымдық бөлімшелерден және Мемлекеттік және бақылаушы органдардан (соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ) келіп түсетін сұрау салулар бойынша ұсыну үшін.
КМГ ресурстық базасын толықтыру
2.1. КМГ кенорындарының қорларын есептеу/қайта есептеу/өсірілуі
2.1.1. Жаңартылған геологиялық-геофизикалық ақпарат нәтижелері бойынша УВС қорларын есептеу/қайта есептеу туралы есептерде геологиялық/өндірілетін қорлар көлемдеріндегі өзгерістердің негізділігін талдайды;
2.1.2. Ғылыми институттар дайындаған кенорындардың қорларын есептеу/қайта есептеу туралы есептері мен КИН ТЭО нәтижелері бойынша ескертпелер/ұсыныстарды ғылыми-техникалық кеңесте (ҒТК) КМГ 2.1.3 әрі қарай қарастыру үшін дайындайды. УВС қорларын есептеу/қайта есептеу және КИН/КИГ/КИК ТЭО бойынша жобалық құжаттар/есептерді дайындау процесінде «КМГ Инжинирингпен» (және оның филиалдарымен) өзара әрекет етеді, оларды ҚР ГКЗ-де қарастыру мақсатында, УВС қорларын ҚР балансына қою үшін;
2.2. Барлау және қосымша барлау бағдарламалары
2.2.1. ДЗО-лар геологиялық барлау жұмыстары (бұдан әрі – ГБЖ) нәтижелері бойынша алған геологиялық-геофизикалық материалдарды Қосымша барлау бағдарламалары шеңберінде зерттейді, қорлар өсімін болжау кезінде және КМГ қорлар/ресурстарын SPE-PRMS халықаралық стандарттары бойынша бағалау кезінде есепке алу үшін;
2.2.2. ДЗО-лардың қарауындағы бизнес-жоспарлар мен өндірістік бағдарламалардың жобаларын қосымша барлау бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлары бөлігінде талдайды, кейін оларды КМГ Даму жоспарының консолидацияланатын жобасына енгізу үшін;
2.2.3. Барлау және қосымша барлау бағдарламалары шеңберінде ГБЖ жоспарланған және нақты орындалған көлемдерін салыстыруды жүргізеді, есептік күнге УВС қорларының өсімі бөлігінде КМГ Даму стратегиясын орындауды мониторингтеу кезінде есепке алу үшін;
2.2.4. КМГ Даму жоспарының консолидацияланатын жобасында олардың (ГБЖ) әрі қарай көшіруіне/өзгертуіне ресурстық базаны ұлғайтуға бағытталған ГБЖ көлемдерінің ауытқулары/орындалмауы себептерін негіздеу бойынша ДЗО ұсыныстары мен ескертпелерін консолидациялайды.
УВС қорлары мен ресурстарына SPE-PRMS халықаралық стандарттары бойынша аудит
3.1. Геологиялық-геофизикалық және технико-экономикалық деректерді жинау, талдау және верификациялау және материалдарды Аудиторлық компанияға тапсыру
3.1.1. Есептік күнге SPE-PRMS халықаралық стандарттары бойынша қорларға аудит жүргізу үшін КМГ-ның барлық активтері бойынша материалдарды жинау және дайындауға жауап береді.
3.1.2. Қорларды бағалау процесінің барлық кезеңдерін уақтылы жүргізу үшін деректердің толық пакеті бар-жоғы бойынша келіспеушіліктерді жою мақсатында аудиторлық компанияға берілген материалдар тізімі бойынша талдау жүргізеді;
3.1.3. Қарауындағы ДЗО-лардың кенорындары бойынша материалдардың сапасын және геологиялық-техникалық көрсеткіштердің сенімділігін бағалайды және қажет болған жағдайда аудиторлық компанияға тапсыру үшін материалдарды қайта өзектендіруге сұрау жібереді;
3.1.4. Келісілген Шартқа сәйкес геологиялық-геофизикалық ақпарат және әзірлеу бойынша ақпарат бойынша қабылдау-тапсыру актісін жасайды;
3.2. Тапсырылған деректерді сараптау және оларды қорлар мен ресурстарды бағалауда есепке алу
3.2.1. Есептік жыл ішінде ДЗО-ларда орындалған жұмыстар бойынша, өндірістік бағдарламаларға, бизнес-жоспарларға енгізілген өзгерістерді, аудиторлық компанияға тапсыру үшін кенорындарды әзірлеу бойынша жобалық құжаттармен салыстырады;
3.2.2. Басқармада талдау жүргізу үшін аудиторлық компаниядан алдын ала бағаланған қорларды алу процесін бақылайды, әрі қарай ескертпелерді жолдау және түзетулер енгізу үшін;
3.2.3. ДЗО кураторларына қорлар мен ресурстарды бағалау бойынша алдын ала алынған нәтижелерді келісу үшін жібереді, қажет болған жағдайда аудиторлар есепке алуы үшін ұңғымалар, керн, ұңғыма сынақтары, 3Д сейсмика нәтижелері және т.б. бойынша қосымша және/немесе жаңартылған геологиялық-геофизикалық деректерді сұратады.
3.2.4. SPE-PRMS стандарттары бойынша УВС геологиялық көлемдерін бағалаудың алдын ала нәтижелерін верификациялау нәтижелерін ұсынады және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ескертпелер/ұсыныстарды тікелей басшыға әрі қарай аудиторлық компанияға жолдау үшін береді.
Басқарманың іс жүргізуін жүргізу
4.1. ИСУ және СМИБ бойынша ішкі және/немесе сыртқы аудитке арналған материалдарды дайындайды.
Аудит қорытындылары бойынша тиісті құжаттарды ресімдейді және аудитордың ескертпелері мен ұсыныстары бойынша жұмыс жүргізеді;
4.2. Жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы жобалар бойынша жұмыс топтарының отырыстарына қатысады.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
5.1. Тәуекелдің туындауына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Оған қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды;
5.2. Тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді;
5.3. Ішкі құжаттарда белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес, кез келген жасалған немесе мүмкін қателер/кемшіліктер туралы, олардың ықтимал залалдарға әкелгенін немесе әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ ықтимал және жүзеге асырылған тәуекелдік оқиғалар туралы жауапты бөлімшені (СУРиВК) және өзінің тікелей басшысын уақтылы хабардар етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)