Теміржол тасымалдау цехының жолсерік электромонтрі
Филиал АО Казпочта Информационно-логистический центр «ЮГ» Алматы қ.-
Келесі айдың жұмысқа шығу кестесімен ай сайын танысу;
-
Рейске шығар алдында проводник-электромонтер №1 нысандағы куәлікті, маршрутты алуы тиіс және өзімен бірге қауіпсіздік техникасы жөніндегі куәлігі болуы, жұмысқа шығу кестесіне сәйкес инструктаж кітабына жеке қолын қоя отырып, қозғалыс қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инструктаждан (қажет болған жағдайда мақсатты инструктаждан) өтуі тиіс;
-
Пошта вагонадарын ПЭМ-нен (проводник-электромонтерден) қабылдау-тапсыру кітабына жеке қол қоя отырып, жолаушылар вагондары проводниктерінің нұсқаулығына сәйкес тізім бойынша қабылдау/тапсыруды жүзеге асыру; өрт сөндіргіштердің бар-жоғын және жарамдылығын тексеру (Жолаушылар поездарының вагондарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес: саны мен жарамдылық мерзімі бойынша);
-
Вагонды қабылдап алу кезінде өрт сөндіргіштердің бар-жоғын және жарамдылығын, қол тежегішінің, есіктердің, есік ысырмаларының, құлыптардың, фиксаторлардың және терезелердің жарамдылығын; электр жарықтандыру аспаптары мен сақтандырғыш тығындарды, электр шамдары мен сақтандырғыштарға арналған калибрленген салымдардың және стоп-крандардағы пломбалардың қорында болуын тексеру қажет;
-
Поездың жүру жолында орын алған барлық ескертпелер мен ақауларды жолаушылар вагондарын магистральдық теміржол желісіне жіберу регламентіне (ЦЛ/614-11) сәйкес ВУ-8 бортық журналына қатаң әрі уақтылы көрсету;
-
Поездың жүру жолында пошта вагонадарын (ПВ) ұсақ жөндеуге (төсемелерді, шамдарды, электр ажыратқыштарды, розеткаларды және т.б. ауыстыру) ЦДЖP операторына телефон арқылы уақтылы өтінім беру және қажет болған жағдайда ПВ паркін пайдалану және жөндеу жөніндегі бас маманды, ЦДЖP аға нұсқаушысын хабардар ету;
-
Поездың соңында жүрген кезде пошта вагонаның проводник-электромонтері соңғы сигналдардың жарамдылығын, тазалығын және үздіксіз жануын қамтамасыз етеді. Жолаушылар пойызының кезеңде (перегонда) мәжбүрлі түрде тоқтаған жағдайында поезд қоршауын жолаушыларды тасымалдауға арналған соңғы вагонның проводнигімен бірлесіп жүргізу;
-
Поездың жүру жолында электр жабдықтары, сумен жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді, жылыту маусымында вагон ішіндегі температуралық режимді қолдайды (қазандықты қатты отынмен жағу арқылы, сондай-ақ қазандық төсемесінің күйіп кетпеуі үшін «ПВ жылыту қондырғысына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық» ЦВ-ЦЛ-164 нұсқаулығына сәйкес қол сорғысымен қазандыққа суды уақтылы айдап толтыру);
-
«Вагонсервис» АҚ мамандарымен бірлесіп ТО-1 техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге қатысу және бақылау (әсіресе электр жабдықтары мен аккумулятор батареяларының жағдайын), ТО-1 аяқталғаннан кейін кепілдік талонын талап ету;
-
Келесілердің жұмыс қабілеттілігін қадағалау: өрт дабылы жүйесі (ӨДЖ / СПС), буксылардың қызуын бақылау сигналы (БКБС / СКНБ), СВН жүйесіне рұқсатсыз араласу жағдайларына жол бермеу;
-
ПВ санитарлық жағдайын бақылау, вагонды тәулігіне кемінде үш рет дымқыл тазалау жүргізіп, тәртіп пен тазалықта ұстау;
-
Тұрақ парктерінде, жүру жолында, ТО-1, ТО-3 жоспарлы жөндеу түрлері кезінде пошта вагонанын қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
-
«ЦЛ/62-03 2003 Жылжымалы құрам түйіндері мен агрегаттарын жөндеу және жаңғыртудың негізгі шарттарына» сәйкес ПВ-ны жөндеу зауытына дейін алып жүру;
-
Жазғы-қысқы кезеңде ТО-2 жүргізуге қатысу (терезелерді жылылау, ПВ-ны бас жинау және т.б.);
-
Жоспарлы жөндеу кезінде өз міндеттерінің шеңберінде ПВ қабылдап алуға қатысу;
-
Жүк тиеу кезінде ПВ-ға поштаның біркелкі тиелуін қатаң бақылау;
-
Сақтауға немесе басқа мақсаттарға берілген материалдық құндылықтарға, жабдықтарға ұқыпты қарау, жоғалудың/ұрланудың алдын алу шараларын қабылдау;
-
ПВ-да материалдық құндылықтардың жоғалуы/ұрлануы анықталған жағдайларда толық өтемін қамтамасыз ету;
-
Жүк тиеу кезінде филиал ауысымы бастығының және жүру жолында ВПН; ВPНЗ өкімдерін/нұсқауларын орындау;
-
Поездың жүру жолында ПВ техникалық ақаулары орын алған жағдайда «ҚТЖ» АҚ қызметкерлерімен және «Вагонсервис» АҚ жөндеушілерімен бірлесіп тексеруге қатысу және бастапқы акті жасау, дереу ЦЖДП бастығына және/немесе аға нұсқаушыға хабарлау;
-
Қозғалыс қауіпсіздігіне және оған сеніп тапсырылған құндылықтардың, мүліктердің сақталуына қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы ұялы байланыс арқылы ЦЖДП басшылығын дереу хадардар ету;
-
Теміржол тасымалдау цехтарының артында бекітілген ПВ айналасындағы аумақты және теміржол тұйығының бөлігін тазалауды жүргізу;
-
Пошта вагонында рәсімделмеген пошта жөнелтімдерін (жүк-багаж) және бөгде адамдарды тасымалдауға жол бермеу;
-
Ұзақ тұрақтар кезінде желіге тұрмыстық электр құралдарын (электр плиткасын) қосуға тыйым салынады;
-
Пошта вагонында ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Газ баллондарын қолдана отырып, газ плитасын пайдалану [тыйым салынады].
Талаптар:
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
- Проводник-электромонтер біліктілік куәлігі
- Командада жұмыс істей білу және шешім қабылдау дағдысы.
Еңбек шарттары:
- Тұрақты еңбекақы.
- Ауысымдық жұмыс кестесі.
- Кәсіби оқыту мен даму мүмкіндіктеріне қолжетімділік.
Қажетті қабілеттер
- - Дисциплинированность и ответственность
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)