Қазтемiртранс АҚ Бас директорының орынбасары
- Құрылған күні:
-
15.09.2026
- Берілген өтінім:
- 32
- Қаралған саны:
- 300
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қоғамның қазақстандық және халықаралық көлік нарықтарында жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен, экспедиторлармен және операторлармен, жылжымалы құрамның меншік иелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- вагондармен операцияларды жүзеге асыру кезінде жылжымалы құрамды тиімді және ұтымды пайдалану: жүк вагондарын басқару және реттеу, қызмет көрсету шарттарына сәйкес вагондарды жүк жөнелтушілердің пайдалануына бөлу (операция жасау/экспедициялау), операция кезінде жүк вагондарын тиеуге және түсіруге вагондарды уақтылы беруді ұйымдастыру;
- операция жасалатын жылжымалы құрам бөлінісінде вагондарды тиеу, олардың айналымы, бос жүріс коэффициенті, жүк айналымы бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуын бақылау;
- Қоғамның көліктік-логистикалық қызмет көрсету секторында жобаларды іске асыру;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ және оның еншілес ұйымдарымен тасымалдау процесі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- жүк тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлігінде жалпы басшылықты жүзеге асыру (Қоғам вагондарын операцияға, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуге ұсыну).
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары;
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 8 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр