Өрт қауіпсіздігі инженері — Өрт қауіпсіздігі қызметі СФ

«Қазақтелеком» АҚ Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
172

   Конкурс туралы

Міндеттері:

-Қадағаланатын өңір СФ нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес.
-Нысандарды тексеру жүргізу, өрт қауіпсіздігі саласында бұзушылықтар мен тәуекелдерді анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар дайындау және түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылау.
-Өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің ақаусыз күйін және тұрақты дайындығын бақылау, соның ішінде автоматты өрт дабылы жүйелері, автоматты газбен өрт сөндіру, дабыл беру және эвакуацияны басқару, өртке қарсы сумен жабдықтау, өрт сөндірудің бастапқы құралдары және басқа да өртке қарсы қорғаныс құралдары.
-Мемлекеттік өрт бақылау органдарының нұсқамалары мен ескертулерінің орындалуын бақылау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың уақтылы жойылуын бақылау.
-Жобалық және техникалық құжаттаманы, техникалық тапсырмаларды және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бөлігіндегі спецификацияларды тексеруге қатысу, сондай-ақ құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеуден кейін нысандарды қабылдауға қатысу.
-Өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің көрсетілуін мердігер ұйымдар тарапынан сапалы орындауын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдауға және тиісті құжаттаманы келісуге қатысу.
-Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шығындарды жоспарлауға қатысу, бюджеттік өтінімдерді дайындау, бюджеттің орындалуын бақылау және қаражатты пайдаланудың тиімділігін талдау.
-Өрттер мен тұтануларды тергеуге қатысу, олардың себептерін талдау және ұқсас жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылау.
-Қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарына оқыту бойынша өртке қарсы нұсқамалар, жаттығулар, семинарлар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
-СФ құрылымдық бөлімшелеріне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
-Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды, регламенттерді, техникалық талаптарды және өзге де құжаттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу.
-СПБ құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерді, сұрау салуларды, хаттарды және өзге де құжаттарды қарау, тиісті қорытындылар мен жауаптарды дайындау.
-Құзырет шегінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
-Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларға ден қою саласында заманауи технологияларды, жабдықтарды және техникалық шешімдерді енгізуге қатысу.
-Өрт қауіпсіздігі саласындағы ықтимал тәуекелдерді анықтау, өрт қауіпсіздігі деңгейін және СФ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен бастамаларды дайындау.
-Функционалдық міндеттер шеңберінде СПБ басшысының және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженердің тапсырмаларын орындау.



Талаптар:

-сәйкес мамандық бойынша жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық білім
-1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
-Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын және нормативтік-техникалық талаптарын білу;
-Өртке қарсы қорғаныс жүйелерін пайдалану талаптарын білу: АПС, АГПТ, СОУЭ, өртке қарсы сумен жабдықтау және өрт сөндірудің бастапқы құралдары; нысандарды тексеру, бұзушылықтарды анықтау және өрт қауіпсіздігі тәуекелдерін бағалау дағдылары;
-Жобалық, техникалық және шарттық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;
-Жұмыстардың орындалуын және анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау дағдылары;
-Мемлекеттік органдармен, мердігер ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл дағдылары;
-MS Office және электрондық құжат айналымы жүйелерін сенімді меңгеру;
-аналитикалық ойлау, жауапкершілік, ұқыптылық және өз бетінше жұмыс істей білу.