""ҚТЖ-Жүк тасымалы"-"Қостанай" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты Инженер-технологы

347 984 - 368 664
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
25

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Көктемгі және күзгі тексерулерді өткізу қорытындысы бойынша материалдарды дайындау, шаруашылықтың филиалдың қысқы кезеңінде жұмысқа дайындығы;
  • өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды орындау;
  • өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігінде заңнамалық талаптарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу (қайта қарау) ;
  • серіктестіктің өнеркәсіптік және өрт, электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша серіктестік қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыруды жоспарлау;
  • қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды және жүк көтергіш механизмдерді техникалық куәландыру, ғимараттар мен құрылыстарды отқа төзімді сіңдірумен өңдеу, күзет-өрт дабылына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүргізу бойынша шығыстардың бюджетін жоспарлау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: поездық диспетчер/ станция бойынша кезекші/ станция инженері (технологиялық процесс және станция ТРА, АБЖ бойынша) / поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеудің станциялық технологиялық орталығының бастығы/поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр