"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Бизнес-талдау департаментінің бизнес-талдау және статистикалық есептілік бойынша функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)

от 482 846
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
49

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қолданыстағы әдіснаманың сақталуына және еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептілікті жүргізудің дұрыстығына мониторингті жүзеге асырады
  • бизнес-деректерді қалыптастыру және еңбек және жалақы бойынша көрсеткіштерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді
  • статистикалық есеп жүргізу және еңбек көрсеткіштері мен жалақы бойынша мемлекеттік және салалық статистикалық есептерді дайындау саласындағы нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдары бойынша ЦТО-1, 1-Т, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша 1-К (УТО-8Ц), «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары бойынша УТО-5 нысанды жиынтық статистикалық есептерін жинау, тексеру және біріктіруді жүзеге асырады
  • SAP BW және SAP HRP жүйелеріндегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары бойынша, 1-К (УТО-8Ц), «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша ЦТО-1, 1-Т нысандs статистикалық есептер деректерін мониторингілеу
  • еңбек және жалақы көрсеткіштері туралы анықтамалық және талдамалық ақпаратты қалыптастырады және ұсынады
  • жұмыс уақытын есепке алу табелін уақтылы толтыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді, Департамент қызметкерлерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кестесін қалыптастырады
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ күрделі салымдарының жоспарына енгізу мақсатында тауарлар мен қызметтерге, қызметкерлерді оқыту мен дамытуға қажеттілік туралы өтінімдерді, сондай-ақ Департамент және оның өңірлік бөлімдері бойынша іссапар шығыстарының бюджетін, инвестициялық өтінімдерін шоғырландыруды және қалыптастыруды жүзеге асырады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы; статистика; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; көлік, техника және технологиялар; логистика (салалар бойынша); тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент және/немесе темір жол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр