Кадрларды даярлау орталығының бас менеджері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
258

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Кадрларды даярлау бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау мәселелері бойынша ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  • Тапшылықты және басым мамандықтардың тізімін қалыптастырады, оларды даярлау және мамандарды тарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  • Қажетті бағыттар бойынша кадрларды даяруды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарымен, ғылыми орталықтармен және салалық институттармен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
  • Үміткерлер, бос жұмыс орындары және еңбек нарығы бойынша өзге де ақпараттар базаларын құру және жүргізуді қамтамасыз етеді (алу, енгізу, өңдеу, талдау, жіктеу, бағалау, салыстыру және ақпаратты сақтау), деректерді шығаруды және пайдалануды үйлестіреді.
  • Атом саласы үшін кадрларды даярлаудың кешенді жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді.
  • Оқыту, дамыту және кадрларды даярлау мәселелері бойынша аналитикалық, статистикалық және есептік материалдарды дайындайды.
  • Атом электр станцияларын салуға арналған жобалық келісімшарттар шеңберінде кадрларды даярлау бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Кадрларды даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
  • Атом саласы үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен, колледждермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  • Атом энергетикасымен байланысты бағыттар бойынша қолданыстағы кәсіби стандарттарды өзектендіруді, әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Саланың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын (ТжКБ, бакалавриат, магистратура, докторантура) өзектендіруді, әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Жоғары оқу орындарымен және/немесе ғылыми ұйымдармен АЭС салушы елдердің (елдердің) бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерді жасасуды ұйымдастырады және үйлестіреді.
  • Атом электр станцияларының болжамды құрылысы аймақтарында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (ТжКБ) базасында орта буын мамандарын даярлау мәселелерін пысықтайды.
  • Практикалық тәжірибе алу мақсатында қолданыстағы атом электр станцияларында мамандар мен білім алушылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады және үйлестіреді.
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды және «Қоғамның» ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Жоғары білім: техникалық, педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, құқық, бизнес және басқару салаларында. Магистр дәрежесінің болуы құптарлық.
  • Жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
  • MS Office бағдарламаларын тәжірибелі қолданушы (негізінен MS Excel, MS PowerPoint, MS Project).

Шарттар:

  • 5/7

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)