«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының күрделі құрылыс қызметінің 2 санатты инженері

332 800 - 332 800 KZT
«KEGOC» АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
261

   Конкурс туралы
  • өз құзыреті шегінде жобалау және мердігерлік ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;
  • жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес филиал қызметтерімен бірлесіп жобалау-сметалық құжаттаманы қарайды және келіседі;
  • құжаттарды (СЖТ, бастапқы деректер, меншік құқығын растайтын акт және басқа да құжаттар) алу бойынша жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады және тиісті жұмыстарды жүргізеді;
  • филиал объектілерінің құрылыс кезеңіне жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын тіркеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады және тиісті құжаттарды дайындайды;
  • бас заң консультантымен бірлесіп орталықтандырылмаған мердігерлік шарттарды дайындауды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды жасасуды және сүйемелдеуді, қосымша келісімдер жасасуды, сондай-ақ күрделі құрылыс объектілері бойынша шарттық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламаны Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына дайындап, жолдайды және тиісті талондарды алады;
  • қолданылатын материалдық ресурстардың сапасын растайтын құжаттардың, материалдар мен бұйымдарға арналған сертификаттардың, сынақтар туралы есептер мен хаттамалардың болуын, сондай-ақ олардың өндірістік стандарттардың, техникалық және өзге де нормативтердің талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • авторлық және техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің сапалы көрсетілуін, сондай-ақ объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылайды;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыс сызбаларына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
  • басшылықтың және қызмет бастығының тапсырмасы бойынша күрделі құрылыс объектілеріне шығып, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына аралық бақылау жүргізеді;
  • объектілерді қабылдау және пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау және мемлекеттік құрылыс бақылау органдары жүргізетін тексерулерге қатысады;
  • мердігерлік ұйымдардың комиссия белгілеген мерзімдерде аяқталмаған жұмыстар мен анықталған ақауларды жою сапасын бақылайды;
  • аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырады және мердігерлік ұйымдармен бірлесіп объектіні пайдалануға қабылдау актісін ресімдейді.

Талаптары:

 

  • білімі: жоғары, электр энергетикасы/құрылыс мамандығы бойынша;
  • өнеркәсіп сектор саласындағы ( соның ішінде электроэнепргетика/ құрылыс) маман немесе инженер жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;
  • MS Office, Outlook бағдарламаларын тәжірибелі пайдаланушы;
  • қазақ және орыс тілдерін білу.

Қажетті қабілеттер

  • - исполнительность, пунктуальность, аккуратность, внимательность
  • - Дисциплинированность и ответственность