Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімінің жұртшылықпен байланыс жасау маманының (аутстаффинг, бос жұмыс орны)

580 812 - 580 812 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
170

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорынның сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін кәсіпорынның қызметі туралы баспасөз-хабарламалар мен өзге де ақпараттық материалдарды дайындау;
  • жұртшылықпен байланыс бөлімінің әлеуетті мердігерлерінің қызметтеріне техникалық сипаттамалар дайындау;
  • бастапқы төлем құжаттарын ресімдеу (қызметтер көрсетуге арналған актілер, қаражатты жұмсауға арналған өтінімдер, 1С-дағы қызметтер бойынша түсімдерге аралған өтінімдер, контрагенттерге төлем жасауға арналған тапсырмалар);
  • корпоративтік сайтта, инстаграм аккаунтында және YouTube арнасында ақпараттық хабарламаларды, баспасөз-хабарламаларын, ақпараттық посттарды, фотоиллюстрацияларды, сондай-ақ бейнероликтерді орналастыру;
  • электрондық корпоративтік пошта арқылы ақпараттық хабарламалар мен дайджесттерді жіберу;
  • БАҚ және мүдделі тұлғалардың сұранысы бойынша кәсіпорынның қызметі туралы фото-және бейнематериалдар ұсыну.

Біліктілік талаптары:

  • «журналистика», «филология», «жұртшылықпен байланыс», «шетел тілі» (ағылшын немесе неміс тілі), «қазақ тілі мен әдебиеті», «мемлекеттік емес тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «орыс тілі мен әдебиеті», «аударма ісі (ағылшын/орыс тілі)», «аудармашы (ағылшын/қазақ тілі)», «тарих», «халықаралық құқық», «құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болуы тиіс;
  • жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімі және дағдылары:

  • мемлекеттік және орыс тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын білу қажет;
  • қолданыстағы редакциялау нормативтерін білу керек;
  • әдеби жұмыс және мәтін құру дағдылары болуы тиіс;
  • фото ісі, дизайн, жұртшылықпен байланыс және СММ (SMM) курстарын аяқтау туралы сертификаттардың болғаны жөн;
  • InDesign және/немесе Photoshop, CorelDraw, Adobe Premiere Pro, CapCut графикалық бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.