Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің аға инженері (аутстаффинг)

«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
102

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1)    Бекітілген тапсырмалар шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеу, кодтау, баптау және интеграциялау;
  • 2)    Бекітілген архитектуралық және техникалық шешімдерге, кодтау стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес тапсырмаларды іске асыру;
  • 3)    Модульдік тесттер жазу, пайдалануға енгізілетін ақпараттық жүйелерді функционалдық, интеграциялық және
    регрессиялық тестілеуге қатысу;
  • 4)    Тестілеу және пайдалану барысында анықталған ақауларды рәсімдеу, талдау және жою;
  • 5)    Код-ревьюге қатысу, ескертулер нәтижесі бойынша өзгерістер енгізу;
  • 6)    Нұсқаларды жинауға, орналастыруға және релиздік процеске қатысу;
  • 7)    Шартқа сәйкес сүйемелденетін ақпараттық жүйеге арналған техникалық құжаттаманы әзірлеуге және келісуге қатысу;
  • 8)    Ақпараттық жүйелерді енгізуге арналған техникалық талаптарды жинау және нақтылау;
  • 9)    Есептерді, іс-шаралар жоспарларын және кестелерді жасау;
  • 10) Сүйемелденетін ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • 11) КМГ және ДЗО құрылымдық бөлімшелерімен ИС енгізу және сүйемелдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • 12) Пайдалануға енгізілетін ИС тестілеуге қатысу;
  • 13) Сүйемелденетін ИС-пен жұмыс істеуге арналған пайдаланушыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу және өткізу.

Талаптар:

  • Кәсіби жоғары білім
  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
  • ·   Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қауымдастық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды білу,
    ·   бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу өмірлік циклінің негіздерін (SDLC) білу;
    ·   қолданылатын әзірлеу тілдері мен платформаларын, кодтау стандарттарын білу;
    ·   деректер базасын басқару жүйелерін, сұраныстарды жазу және оңтайландыру қағидаттарын білу;
    ·   DevOps тәжірибесінің базалық білімі: контейнерлеу, жинау және жеткізу конвейерлері (CI/CD),
    мониторинг және лог жүргізу құралдары;
    ·   тестілеу түрлері мен әдістерін, ақауларды рәсімдеу және оларды түзету қағидаттарын білу;
    ·   қауіпсіз әзірлеу негіздерін және типтік осалдықтарды (OWASP) білу;
    ·   әзірлеуші командалардың жұмысын ұйымдастыру әдіснамаларының негіздерін білу (Agile, Scrum, Kanban);
    ·   бизнес-процестерді талдау саласындағы білім, BPMN 2.0 нотациясын меңгеру;
    ·   КМГ топ компаниялары бойынша өндірістік бизнес-процестерді және
    осы процестерді қамтамасыз ететін АТ-жүйелердің функционалдық мүмкіндіктерін білу және түсіну;
  •    Қауымдастықта қолданылатын әзірлеу тілдері мен платформаларын меңгеру;
    ·   деректер базасын басқару жүйелерін меңгеру, сұраныстарды жазу және оңтайландыру
    дағдылары;
    ·   нұсқаларды басқару жүйелерін (Git) меңгеру, код-ревьюге қатысу;
    ·   модульдік тесттер жазу және ақауларды рәсімдеу дағдылары;
    ·   бекітілген тапсырмалардың еңбек сыйымдылығын бағалау дағдылары;
  • ·   сүйемелденетін ақпараттық
    жүйелерге арналған техникалық құжаттаманы әзірлеу дағдылары;
    ·   Microsoft Office-ті сенімді меңгеру, тапсырмалар мен білімді басқару жүйелері (Jira,
    Confluence немесе ұқсас);
    ·   бизнес-процестерді модельдеу құралдарын сенімді меңгеру (Camunda Modeler,
    Bizagi Modeler, Microsoft Visio, Draw.io, Enterprise Architect, ARIS);
    ·   коммуникация және презентация дағдылары;
    мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру; ағылшын тілін кемінде
    Intermediate деңгейінен төмен емес (қалаулы).

Шарттар:

  • Аутстаффинг секторында ресімдеу
  • Әлеуметтік пакет