Қазынашылық департаментінің менеджері

«QazaqGaz Processing » ЖШС Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
124

   Конкурс туралы

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар

• қаржы және/немесе экономика саласында жоғары білім;
• қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
• қазынашылық операциялар және ақша ағындарын басқару саласында практикалық тәжірибе;
• төлем күнтізбесін қалыптастыру және мониторингтеу тәжірибесі;
• ақша ағындарын болжау және өтімділікті жоспарлау қағидаттарын білу;
• төлем, конверсиялық және валюталық операцияларды жүргізу тәжірибесі;
• Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасын білу;
• екінші деңгейдегі банктермен және өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
• интернет-банкинг жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
• MS Excel, MS PowerPoint және басқа да MS Office қосымшаларын сенімді меңгеру;
• қазынашылық операциялар бөлігінде 1С және/немесе 1С ERP жүйесінде жұмыс тәжірибесі;
• ағылшын тілін кемінде Intermediate және одан жоғары деңгейде білу.

Қажетті кәсіби дағдылар

• өтімділікті талдау және ақша қаражатына қажеттілікті жоспарлау;
• төлем тізілімдерін қалыптастыру және төлем тапсырмаларын дайындау;
• төлемдердің уақтылы және дұрыс жүргізілуін бақылау;
• уақытша бос ақша қаражатын орналастыру шарттарын талдау;
• ақша қаражатының қалдықтары, кірістілігі, валюталық және конверсиялық операциялар бойынша есептілікті дайындау;
• банктік шоттармен, корпоративтік карталармен және аккредитивтермен жұмыс істеу;
• валюталық шарттарды есепке алу және сүйемелдеу;
• шарттардың қаржылық талаптарын, есеп айырысу тәртібін және банктік деректемелерін келісу;
• дебиторлық және кредиторлық берешекті мониторингтеу;
• қазынашылық бағыты бойынша ішкі құжаттарды дайындау және өзектендіру;
• қаржылық ақпараттың елеулі көлемін жинау, жүйелеу және талдау.

Жеке және іскерлік қасиеттер

• жоғары деңгейде дамыған аналитикалық қабілеттер;
• төлемдермен және қаржылық құжаттармен жұмыс істеу кезінде мұқияттылық пен жоғары дәлдік;
• жауапкершілік және белгіленген мерзімдерді сақтау;
• бірнеше міндетті бір уақытта орындау қабілеті;
• іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
• құрылымдық бөлімшелермен, банктермен және қаржы ұйымдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай білу;
• қаржылық және операциялық тәуекелдерді анықтау және оларды төмендету бойынша шаралар ұсыну қабілеті;
• командада жұмыс істей білу.

Негізгі лауазымдық міндеттері

• төлем күнтізбесін қалыптастыру, өзектендіру және мониторингтеу;
• ақша ағындарын болжау және өтімділікті талдау;
• ақша қаражатының ықтимал тапшылығын жабу бойынша ұсыныстар дайындау;
• уақытша бос ақша қаражатын орналастыруды ұйымдастыру;
• төлем және конверсиялық операцияларды дайындау және жүргізу;
• төлем тізілімдерін қалыптастыру және «Банк-клиент» жүйесінде жұмыс істеу;
• қазынашылық және басқарушылық есептілікті дайындау;
• есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, тарифтер және қаржы құралдары мәселелері бойынша банктермен өзара іс-қимыл жасау;
• банктік шоттарды ашу және жабу;
• аккредитивтерді рәсімдеу және сүйемелдеу;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық шарттарды тіркеу және сүйемелдеу;
• есеп айырысу тәртібі мен төлем талаптары бөлігінде шарттарды келісуге қатысу;
• дебиторлық және кредиторлық берешекті мониторингтеу.

Кәсіби сертификаттардың болуы және басшылық лауазымда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.