Сұрыптау дөңесі бойынша кезекші
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;2) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау;
3) Қоғамның Іскерлік этика кодексін, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау;
4) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;
5) басшылықтың тапсырмаларын орындау;
6) Қоғамның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау және қызметтік құжаттарды қарау мен шешімдер қабылдау кезінде бюрократия көріністеріне жол бермеу;
7) еңбек шартын, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерін сақтау;
8) құпиялылық нормалары мен Қоғамның жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
9) пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
10) жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
11) орындалатын процестер мен операциялар шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру және жақсарту жөнінде, сондай-ақ тәуекелдерді азайту және басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
12) Қоғамның қызмет процестеріне (ИСМ) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктердің барлығы анықталған жағдайда басшылықты хабардар ету;
13) белгіленген тізбеге сәйкес техникалық және пойыздық құжаттаманың болуын және сақталуын тексеру;
14) белгіленген нысанда киінуі және өзімен бірге формулярын, қызметтік куәлігін, еңбекті қорғау бойынша білімін жыл сайынғы тексеру хаттамасының көшірмесін алып жүруі тиіс;
15) екіжақты парк байланысы арқылы пойыздардың және маневрлік қозғалыстардың алдағы өткізілуі туралы қызметкерлерді және барлық қатысы бар қызметкерлерді жолдарды көрсете отырып хабардар ету;
16) журналға рәсімдей отырып, әкімшілік тексерудің 1-сатысын жүргізу;
17) аралас қызметтердің қызметкерлері ДУ-46 нысанындағы журналдағы жазбалардың дұрыс рәсімделуін бақылау;
18) ауысымды қабылдаған кезекшінің (бұдан әрі – ДСПГ) баяндамасы бойынша сұрыптау жолдарының бос немесе бос еместігін, СЦБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығын, тізімдемеге сәйкес пломбалардың болуын, станцияның техникалық-басқару актісіне сәйкес курбельдердің, аспалы құлыптардың, қызыл қалпақшалардың болуы мен жарамдылығын бақылау;
19) маневрлік қозғалыстар жоспары өзгерген жағдайда қатысы бар қызметкерлерді уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету;
20) локомотив машинистерінен алынған, қызмет қызметкерлерінің (ДС, ПЧ, ШЧ, ЭЧ, ВЧД) жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзғаны туралы хабарламаны дереу тиісті дистанцияның диспетчеріне беру;
21) жұмыс орнында құрал-саймандардың, сигналдық керек-жарақтардың және мүкәммалдың болуын және жарамдылығын тексеру;
22) құрамдарды дөңестен (горкадан) жылдам әрі дәл тарқатуды қамтамасыз ететін жұмыс тәртібін жоспарлау;
23) қысқы кезеңде жолдар мен бұрмаларды қардан тазалауды дистанция қызметкерлерінен талап ету, қар тазалайтын техниканың кедергісіз өткізілуін қамтамасыз ету;
24) дөңестің құрамдарды тарқату және құрастыру бойынша жұмыс технологиясын орындау;
25) дөңестен сұрыпталатын арнайы вагондар (қауіпті және ауыр жүктері бар, жолсеріктері бар және т.б. вагондар) туралы вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерді хабардар ету;
26) қозғалыс қауіпсіздігі мен жолдарда жүрген қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды орындау, қажет болған жағдайда құрамды тарқатуды дереу тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;
27) станция бойынша кезекшінің немесе станциялық орталықтандыру посты бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша қабылдап-жөнелту жолдарында тұрған құрамдар мен вагондар топтарын бекіту және олардың астынан тежегіш башмактарды салу және алу жөнінде вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерге өкімдер беру, кейін бұл туралы станция бойынша кезекшіге баяндау.
Біліктілік талаптары:
Сұрыптау дөңесі бойынша кезекші
Жоғары білім:
«Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» бағыты бойынша жоғары білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде станциялық орталықтандыру посты бойынша кезекші / парк бойынша кезекші / 2–3-сыныпты станция бойынша кезекші / 4–5-сыныпты станция бастығы / жүк пен багажды қабылдап-тапсыру жөніндегі аға қабылдап-тапсырушы лауазымдарында жұмыс өтілі болуы тиіс.
Орта (техникалық және кәсіптік) білім:
«Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)»;
«Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік білім және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде станциялық орталықтандыру посты бойынша кезекші / парк бойынша кезекші / 2–3-сыныпты станция бойынша кезекші / 4–5-сыныпты станция бастығы / жүк пен багажды қабылдап-тапсыру жөніндегі аға қабылдап-тапсырушы лауазымдарында жұмыс өтілі болуы тиіс.
Қосымша талаптар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысын, теміржол станциясы туралы ережені және осы лауазымдық нұсқаулықты;
2) станцияның Техникалық-басқару актісін және оған қосымшаларды;
3) станция жұмысының технологиялық процесін;
4) станция жұмысын регламенттейтін жергілікті нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды;
5) Қазақстан Республикасының теміржол көлігіндегі пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты;
6) Қазақстан Республикасының теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасының теміржол көлігіндегі сигнализация жөніндегі нұсқаулықты;
8) Қоғамның интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – ИСМ) құжаттамасын және тиісті халықаралық, мемлекеттік стандарттарды (бұдан әрі – ISO);
9) Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін корпоративтік басқару жүйесі (бұдан әрі – КСУБД) жөніндегі басшылықты, тасымалдау процесінің қауіпсіздігін басқарудың салалық кіші жүйесі (бұдан әрі – СУБД) жөніндегі басшылықты;
10) Қоғам қабылдаған Іскерлік этика кодексін, Даму стратегияларын және теміржол көлігі саласындағы Мемлекеттік бағдарламаларды;
11) станцияның, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» акционерлік қоғамы – «Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесі» филиалының (бұдан әрі – Филиал) және Қоғамның ұйымдық құрылымының сызбасын;
12) дербес компьютердің мақсатын және офистік бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін, сондай-ақ офистік ұйымдастыру техникасын пайдалану тәртібін;
13) жұмысқа дайындалу қағидаларын, жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттерін және жұмысты аяқтау тәртібін;
14) жұмыстағы ақаулардың, істен шығулардың және зақымданулардың негізгі түрлерін, авариялардың туындау ықтималдығын және ықтимал авариялық жағдайларды;
15) авариялық жағдайларға ден қоюдың пысықталған және бекітілген схемаларын, хабардар ету жүйесін, эвакуациялау тәртібі мен схемасын;
16) қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің және электр қауіпсіздігінің жалпы қағидаларын;
17) Қоғамда және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Компания) іс жүргізу жөніндегі талаптарды, сондай-ақ мәліметтерді, оның ішінде жабдықтар, құрал-саймандар, қорғаныс құралдары туралы ақпаратты қабылдау және тіркеу қағидаларын, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін және жұмыстың аяқталу (беру және тапсыру) нысанын;
18) станцияның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін Филиалдың, Қоғамның, Компанияның жергілікті актілерін;
19) осы лауазымдық нұсқаулықта айқындалған міндеттер шеңберінде орындалатын жұмыстың түрлерін, мерзімдерін, көлемдерін және оның сапасына қатысты өзге де деректерді.
Получите Outlook для Android
Қажетті қабілеттер
- - Усидчивость в работе, упорство и оптимизм, способность не опускать руки при неудаче
- * Поддерживаю порядок и структуру в рабочих процессах
- * Ответственность * Коммуникабельность * Внимательность * Стрессоустойчивость * Быстрая обучаемост
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар