"Ұйымдықтехдиагностика" қызметінің көлік бөлімінің көлікті пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегіі инженер

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
82

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Көліктер мен мамандандырылған техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау және ұйымдастыру (алдын алу жұмыстарын жүргізу жүйесі);
  • Шығындар сметасын, ақаулар тізімдерін және қосалқы бөлшектер мен материалдарға өтінімдерді дайындау;
  • Көлік құралдарының есептерін және құжаттамасын (паспорттарын), сондайтехникалық құжаттама мен есептілікті жүргізу;
  • Келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес тасымалдау операцияларын жүргізу; көлік құралдарының техникалық тұрғыдан дұрыс жұмыс істеуін және жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  • Жүк ағындарын, жұмыс кестелерін және тасымалдау көлемдерін талдау; бекітілген тасымалдау жоспары мен нақты жағдайларға негізделген жүргізушілер тобының жұмысын ұйымдастыру; және оларға пайдалану тапсырмаларын беру.
  • Көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауды қадағалау және бекітілген тасымалдау кестесіне қатаң сәйкестікте көлік құралдарын қызмет көрсетуге жіберу.
  • Жүргізушілердің жұмыс барысындағы қызметін қадағалау және қажет болған жағдайда техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
  • Жүк тасымалдау кестелері мен бағыттар желісін әзірлеуге қатысу.
  • Көлік құралдарының техникалық қызмет көрсетуге кестеге сай жіберілуін қамтамасыз ету.
  • Пайдалануға берілетін көлік құралдарын қабылдап алуды ұйымдастыру.

Талаптар:

  • Тиісті саладағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (автокөлік құралдарын
  • пайдалану және жөндеу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету) немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік/орта білімнен кейінгі (арнайы орта) білім.
  • Кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі.
  • ДК-де жұмыс істеу дағдылары (MS Excel, Word) және 1C UAT, SAP есепке алу жүйелерімен жұмыс істеу тәжірибесі.

Шарттар:

  • Жеңілдіктер пакеті;
  • 8 сағаттық жұмыс күні (Орал).